Арнольд Шварценеггер хәл үстінде

Сообщить о проблеме с эфиром

Арнольд Шварценеггер хәл үстінде. Естеріңізде болса, актер қазан айының аяғында Нью-Йоркта жүрегіне ота жасатқан болатын. Операция сәтті өткізілгенімен, аяқастынан Арнольдтың жағдайы нашарлап, қайтадан емханаға түскен. Дәрігерлерлердің айтуынша, бәріне мазасыздық пен стресс себеп екен.

«Вечерний Ургант» ресейлік шоуның жүргізушісі – Дмитрий Хрусталев ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің алдын-ала болжамы бойынша, актер коронавирусқа шалдыққан. Хрусталевты бүгінде жасанды комаға түсірген. «Диманың жағдайы нашар», - дейді оның жақындары. Аталмыш ақпаратты Иван Урганттың өзі инста парақшасында растады.

TikTok жұлдызы – Белла Порч денесіндегі көп татуировканың мәнісін түсіндірді. Америка-филиппиндық ару жарты жыл бұрын аталмыш желіде танылған болатын. Өзінің инста парақшасында өмірін баяндаған Белла: «Бала кезімде көп таяқ жедім. Ешкімнен мейірім көрмедім. Үстімдегі тыртықтардан қатты ұялатынмын. Содан кейін оны татумен жасыруды шештім», - деп жазба қалдырған.