Отандық жұлдыздар арасынан брендқұмар әртістер кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық шоу-бизнес өкілдері арасынан трендтен түспей, сәнді көрінгісі келетін жұлдыздың бірі – Айнұр Нұрсейіт. Танымал блогер бағалы киімдерді киюді әдетке айналдырғанын жасырмайды. «Бір шоппингке 20 мың доллар құртамын» деген модель тіпті әлемдік брендтердің топтамаларын қалт жібермей бақылап отырады.

Айнұр Нұрсейіт, блогер, модель:

– Инстаграмда қарап жатамын. Не қазір шықты қандай новинкалар бар деп. Сондай енді өзіме қатты ұнап жатса. Енді бар ғой трендте бірақ бұл модный екен бірақ саған жараспайды, саған ұнамайды енді ондай нәрселерге мен көңіл бөлмеймін.

«Брендомания» ұғымы ерлер қауымына да жат емес. Мәселен, Қайрат Әділгерей: «Сән саласының сапалы өнімдерін мүмкіндігінше неге қолданбасқа», - деп отыр. Актер қалтасы көтермей жатса жеңілдіктер кезеңін күтуге де әзір.

Қайрат Әділгерей, актер:

– Өзіме ұнайтын брендтардың бір киімдері болады. Бірақ кейде бағасы қолжетімсіз болып кетеді. Сосын соның скидка болғанын арзандағанын күтесің. Бірақ енді қатты андай бір бренд қуаламаймын. Өйткені мен өз басым 1500 долларға очки алу, бір миллионға костым алу менің миыма сыймайды.

Ал фэшн маманы Биббота, «брендқұмарлықтың» жағымсыз тұстарының бар екенін алға тартуда. «Ninety One» тобының жеке стилисті саналатын дизайнер киімде бренд атауы көп болған сайын, ерсі көрінеді деп отыр.

BIBOTTA, дизайнер:

– «Брендомания» кейде әрине әр түрлі, адамдар әр түрлі көзқарасы енді, талғам бойынша киінеді. Мүмкін біреулерде ауру болып кетуі мүмкін. Мысалыға егерде оның сөмкесінде, аяқ киімінде, үстіңгі киімінде толықтай үлкен жазулармен бренд болып тұрса, ол әрине көзге аса қатты жағымсыз көрінді.

Еске салсақ, әртістер арасынан Ерке Есмахан «Louis Vuitton», «Gucci» және «Hermès» сынды брендтердің табынушысы. Әнші әйгілі сән үйлерінің коллекциясын күнделікті киіп жүруге құмар.

BIBOTTA, дизайнер:

– Әр адамның өзінің сүйікті бренді бар және ол әрине көрсеткісі келіп жүреді. Бұл әрине де статус. Адам осы затты сатып алғанда өзін жақсырақ сезінеді. Өзін более «уверенно» дейді ғой солай сезінеді.

Десе де, Биббота стильді әрі сәнді болу бағалы бұйымға емес, талғамға байланысты екеніне сенімді. Себебі, қымбат дүниелермен де әсем көрінбеуің мүмкін дейді ол.