Әнші Кентал ұлын перзентханадан дүркірете шығарып алды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Азамат Талғатұлы! Бұл Кенталдың тұңғышының есімі. Алғаш рет әке атанған әнші, батырын қолына ұстап, перзентханадан шыға сала сұқбат берді. Жас әке қатты қобалжып тұр.

Кентал, әнші:

– Әкем «Азамат» деп қойды атын. Сол атына сәйкес болсын. Өте қуаныштымын. Көптен күткен ұлым. Алғашқы балам. Бақытты бол жаным сол. Адал бол.

Иә, ұлына тәтті тілектерін жаудырған Талғат, тоғыз ай бойы әке атанатынын жұрттан жасырып келген болатын. Оған әртістің өз себептері болыпты.

Кентал, әнші:

– Иә, себебі көз-тіл деген бар ғой. Сондықтан мен оған сенемін. Сол себепті ешкімге көрсетпей, білдіртпей аман есен келді өмірге.

Ел көзінен тасада ұстауды әншінің анасы – Гүлнар Кенжеболатова да құптаған екен. Бәріне Азаматтың әулеттегі тұңғыш, әрі көптен күткен бала болуы себеп. «Өнер деп жүріп қалған ұлыма, келінім бақыт сыйлады», - дейді Гүлнар ханым.

Гүлнар Кенжеболатова, Кенталдың анасы:

– Ұл баладан бірінші біздің әулетімізде. Азамат деген жігіт келіп жатыр. Көптен күткен. Білесіздер ғой, Кентал біраз жүріп қалды. Творчество деді, кино деді. «Өзімнің алға қойған мақсаттарыма жетпей, үйленбеймін», - деді. Менің қызым әлі өскен жоқ, менің қызым әлі туылған жоқ деп ойнайтын ол. Шыныменде Миланочка біздің өмірімізге келіп, менің баламды бақытты қылып жатыр.

Ал алғаш рет ана атанған Милананың бүгінде хәлі жақсы. Бақыттан бал-бұл жайнаған жас ана, әсерімен бөлісті.

Милана Кенжеболатова, Кенталдың жары:

– УЗИ-ға бірге бардық. Бірақ басынан ұл болатынын екеуіміз де сездік. Сондықтан, басынан ұлдардың есімдерін қарастырдық.

Көптің басын қосып, баласы мен жұбайын перзентханадан шығарған Кентал, ұлын қызыл лимузинмен қара шаңырағына алып кетті.