«Күлше қыз» картинасы көрерменге жол тартпақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Күлшеқыз» ертегісі енді мюзикл ретінде үлкен экранға жол тартпақ! Ең қызығы туындыда перизат образын әдеттегідей әйел емес, ер адам ұсынбақ.

Бұл рөлге 51 жасар Билли Портер бекітілген. Сондай-ақ, ханзаданы актерлік мансабын жаңадан бастап келе жатқан Николас Голицын, ал зұлым өгей шешені Идина Мейзель сомдайды. Фильм 2021 жылдың қыркүйегінен бастап көрерменге жол тартпақ.

«Энола Холмс» детективті отбасылық фильмнің жанкүйерлері үшін жағымды жаңалық. Netflix лентаның екінші сериясының түсірілім жұмыстары басталғанын хабарлады. Милли Бобби Браун мен Генри Кавилл киноның жалғасында да басты рөлді сомдамақ. Еске салсақ, картина әлемге әйгілі тыңшы Шерлок Холмстың қарындасы туралы.

Джоди Тернер-Смит басты рөлді сомдайтын «Анна Болейн» мини-сериалының трейлері жарыққа шықты. Тарихи туындыда Аннаның 1536 жылы өлім жазасына кесілгеніне дейінгі бес ай өмірі баяндалады. Телехикаяның құрамы белгілі болғанда, қызу талқыға түскені белгілі. Көрермен әуел баста ақ нәсілді Аннаны қара нәсілді актрисаның сомдауын құптамаған болатын.