Отандық актерлардың райдерінде қандай талаптар бар?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Бизнес по-казахски» фильмінің жұлдызы Жан Байжанбаевтың «ҚР Еңбек сіңірген әртісі» екенін бірі білсе, бірі біле бермес. Талай жылдық тәжірбисі бар актер, киногерлерге қоятын талаптарының жоғары екенін айтады.

Жан Байжанбаев, актер:

– Әрине түсірілім басқа қалада, өзге елде болса, мен ұшаққа билет алып беруді сұраймын. Қонақүй 5 жұлдыз болғаны дұрыс деген сияқты. Бірақ мен таңертең газбен су керек дейтіндер қатарынан емеспін.

Ал Жан Байжанбаевтың кинодағы жары Дариға Бадықова үшін ең бастысы райдер емес. Актриса сценарийге көңіл бөліп, продюсерлерден ашық сахналардың болмауын талап етеді екен.

Дариға Бадықова, актриса:

– Енді талаптар бар құрсын, мен бір даладан келген емеспін ғой енді. Төсек қатынасы, сүйісу, сосын жаңағыдай адамды басынып кететін сәттер болады сондай жағдайларға менде райдер бар. Өзім жалпы өте талапшылмын. Бізде қазақта мынандай нәрсе бар, қазір мен ана кофені ішпеймін, сүтпен алып келіп берші десең бітті Бадықова звезда екен дейді.

Жахан Отарғалиевтың да продюсерлерге қоятын өз талаптары бар. Актердің басты шарты – түсірілім алаңында демалатын орынның болуы екен.

Жахан Отарғалиев, актер:

– Кішігірім талаптар адамгершілік есебінде мен продюсер болсын, режиссер болсын, жалпы продюсерлерге бізге звондап ұсыныс білдіргенде білдірткен жанға айтатыным. Бізге арасында бір демалып алатын жер болса площадкіде. Өйткені менде бір проблема үнемі ұйқым қанбай жүреді.

Алайда Отарғалиевтың талабы шетелдік әріптестерімен салыстырғанда тым қарапайым ба дерсіз. Мәселен, Леонардо ДиКаприо түсірілім алаңында артық адамның болмауын қаласа, Уилл Феррелл продюсерлерден үшдөңгелекті самокат сұрайды екен. Ал Джорд Клуни «Гравитация» фильмінің түсірілімінде трейлерінің жанына джакузи, жағажайлық лашық үй, баскетбол алаңын орнатуын өтінген.