«iTUNES KZ» музыкалық чартының үздігі кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

«The Limba» ресейлік әріптестерінің қай-қайсысымен коллаб жасаса да, туындыларының бәрі музыкалық чарттардың алдын бермейді. Мәселен, қанша уақыт бойы хит болған: Andro-мен шырқаған «X.O»-cы, Егор Кридпен қосыла орындаған «Coco L'Eau»-ы сөзімізге дәлел.

Бұл жолы да Лимба дәстүрден таймады! Жас әнші кезекті дуэтін Джонимен бірге шырқады. Екеуі 3 күн бұрын жарыққа шығарған «Boss» атты су жаңа композиция чарттың 1-орнына бірден көтеріліп, көш бастап тұр.

Біраз уақыт «iTunes kz» чартының бірінші орынын бермей тұрған Мот та үздіктер тізімінен әзірге түсер емес! Өнерпаздың «Август – это ты» атты трегі екінші сатыға жайғасты. Соған қарағанда, Black Star-лық әншінің жаздың соңғы күні ұсынған лирикалық композияциясы тыңдарман жүрегіне жол таба білгендей.

Үздік үштікті отандасымыз Мирас Жүгінісовтың «Зымыраны» қорытындылайды! 1 ай бұрын тұсауы кесілген туынды әлі де сұраныста. Бүгінде тректің «YouTube»-тағы mood video-сын 2 млн-нан астам көрермен тамашалап үлгерген. Бұл композиция арқылы Джони өзінің қай жерде өскенін еске алса, Лимба жаңа музыкалық стильді қалай құрғаны туралы айтады. Қос өнерпаздың жүрек тебірентер трегі тыңдарманның құлаққабынан біраз уақытқа түспейтін сияқты.