Сатылымға жаңадан шыққан айфон 13-ті алып үлгерген әртістер кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Брендтің соңына түсетіндерді түсінбеймін! Бұл әзілкеш – Елдос Қадірхановтың пікірі. Бүгінде кәсіпкер атанған Колобоктың, айфонды арзан бағаға алу үшін ойластырған өз айласы бар екен.

Елдос Қадірханов, әзілкеш:

– 13-ші Айфон? Жоқ, алмаймын. Аламын, бірақ әлі емес. Өлә мен «Чмо» емеспін ғой. Тура бірден ала салатын. Ол қазір 1 миллион 200-ден болып тұр ма? Ол жәймен түседі ғой. Ешкім алмай қояды ғой, түседі ғой бағасы. Түскен кезде барып аламыз.

Жанболат Найзабеков те танымал марканың соңына түсіп, қалтасынан миллион теңгені шығарып бере салатын танымалдардың тізімінен емес. Бірақ актер ортадан шеткері қалуды жөн санамайды екен. «Артық ақша болып тұрса, неге алмасқа»,-дейді Жанболат.

Жанболат Найзабеков, әзілкеш:

– Тренд қуалаймын деп айта алмаймын. Бірақ өзімнің ортамнан қалғым келмейді. Бұйырғанын көреміз.

Ал шоу-бизнестің ерке сылқымы Дана Кентай осы уақытқа дейін смартфондарды сыйлыққа алып келген екен. Бренд қуаламайтын ару: «Бұл жолы да тарту етер адам табылып қалар»,-дейді.

Дана Кентай, әнші:

– Мен ешқашан телефон дегендерді сатып алмайды екенмін. Маған жылда сыйлыққа береді. Жылда 1 сентябрь туған күнім ғой. Жылда сыйлыққа алып жатамын. Енді біреу сыйлап қалса, мүмкін ұстаймын. Бірақ өзім арнайы қуып, ойбай осы телефонды новыйдан алуым керек деген ондай ой жоқ.

Иә, атағы аспандаған айфонға деген сұраныс сәт санап өсуде. Тіпті, компания болжамы бойынша, 2022 жылдың соңында смартфонды 3,8 миллиард адам қолданады екен.