«The lost daughter» фильмінің тұсаукесері қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Романнан, толықметрге дейін. «Жоғалған қыз» кітабы жарық көрген сәттен бастап, киномандар фильмнің қашан шығатынын сұрағыштаған еді. Мэгги Джилленхол таспалаған туынды бірден жаһан назарын аудартты.

Леда – колледж мұғалімі. Сюжет желісі бойынша, оқытушы кезекті еңбек демалысына шығады. Жағажайда отырған сәтінде, қызымен жанжалдасып жатқан Нинаны байқап қалады. Сол кезде Леданың есіне, өзінің ауыр өткені түсіп кетеді. Себебі ол да кезінде өте қиын таңдау жасаған еді.

Міне, аталмыш лентаның тұсауы 59 рет ұйымдастырылған Нью-Йорк кинофестивалінде кесілді. Онда бастан-аяқ Gucci киген – Дакота Джонсон және оның «50 оттенков серого» киносындағы партнері – Джейми Дорнан бой көрсетті. Мэгги Джилленхолды қолдауға оның інісі – Джейк Джилленхол, сүйіктісі Жанна Кадьемен алғаш рет қызыл кілем үстімен жүріп өтті. Естеріңізге сала кетейік, жұлдызды жұптың махаббаты 2018 жылдан белгілі бола бастаған еді.