Үйі мен көлігін сатып шығармашылығына инвестиция құйған жұлдыздар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жахан Отарғалиев өзінің ең алғашқы фильмін таспалау үшін, зәулім сарайын сатылымға қойды! Қаражаттың жетіспеуінен актер шаңырағын дүние-мүлкімен бірге 65 млн. теңгеге бағалап отыр. Дегенмен, Отарғалиев баспанасына иелік ететін адамды әлі де іздеу үстінде

Жахан Отарғалиев, актер, әзілкеш:

- Менде біріншіден бірден айтып тастайтын өкініш жоқ. Үйімді сатып жатырмын. Әлі сатқан жоқпын, сонда да бар жинаған тергенімізбен бастап кеттік, басты процессті. *Өзіміздің группаға үлкен рақмет айтқым келеді. Бірінші қолдаған солар. Мен өйткені айттым міне жігіттер қыздар мен үй сатып жатырмын. Үйім өткеннен кейін мен сіздерге ақыларыңызды беремін сол жайлап түсіндірдік.

Ал «Ал давайлық» Шоқан Маратұлы әдемі кадр үшін, осыдан бес жыл бұрын су жаңа көлігінің тас-талқанын шығарған еді. Бірақ, «Ай как больно» бейнебаяны музыкалық чарттардың көшінен көрінбеді, Youtube-та да небәрі 350 000 қаралым жинаған. Бұл – клип құйылған қыруар қаражатты ақтамады деген сөз.

«Алл Давай» тобы:

— Вы можете посмотреть на бюджет клипа, это весь бюджет клипа. Раньше у меня был Рендж ровер, теперь Камри. Это ж надо так любить искусство. Сіздер клипті қарап, бюджетінің қанша болғанын біле беріңіздер.

Еске салсақ, Сиви Махмуди де «өнерім» деп тәуекелге жиі баратын, батыл әртістер қатарында. Мәселен өзі түсірген «Соқыр махаббат» фильмінің жарнамасы үшін әнші, бүтін көліктің әйнегін шаққан еді. Дегенмен Сиви бүгінде бұл ісін дұрыс емес деп есептейді екен.

Сиви Махмуди, әнші, продюсер:

- Ойды бұзатын дүниелер көп. Анандай жаман тілмен айтқанда «шайтандар» көп азғыратын!

Осылайша әртістер шығармашылығы үшін әр түрлі тәуекелге барып, өнерге адал қызмет етіп жүргендіктерін дәлелдеуде.