Отандасымыз Мәриям Думан «Түркия дауысы» жобасында топ жарды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мәриям Думан «SuperStar KZ», «X Factor» және «Қазақстан дауысы» сынды талай музыкалық сайыстарға қатысып, бағын сынаған еді. Дегенмен әншілік мансабына нүкте қойып, өзін өзге салада көрмек болады. Енді араға 13 жыл салып, Мәриям сахнаға қайта оралып отыр.

Мәриям Думан, әнші, актриса:

- «SuperStar KZ» жобасынан кейін 12-13 жыл бойы, әншілік өнерімде үзіліс болды. Соған қарамастан жүргізуші ретінде, актриса ретінде жұмыс істедім. Дегенмен негізігі қалауым әншілік болғандықтан сахна төрінде ән шырқау болғандықтан «O Ses Türkiye» жобасына арнайы келдім.

Музыкалық жобада Мәриям танымал түрік әншісі әрі актеры Мурат Бозға таңдау түсіріп, келесі кезеңдерде соның командасында өнер көрсетеді.

Мәриям Думан, әнші, актриса:

- Мурат Боз Түркия елінде өте танымал әншілердің бірі ол біріншіден, екіншіден оның шығармашылығымен мен жақын таныспын, жаныма жақсын әндері де, стилі де өте жақын. Үшіншіден тәлімгер ретінде Мурат Боз мені осы «O Ses Türkiye» жобасының сахнасында әнші ретінде ашуыма өз үлесін қосады деген үміттемін.

Әнші осыдан бір жыл бұрын Түркияға қоныс аударып, шығармашылығын шет елде шыңдамақ болған екен. Мәриям Стамбұлда нәпақа табудың жолдарын да қарастырып қойған. Ол қазіргі таңда туристерге байер ретінде де қызмет көрсетеді.

Мәриям Думан, әнші, актриса:

- Осы бір жылдың ішінде әрине «O Ses Türkiye» Түркия жобасына дайындалып, сомен қатар, байерлік кәсіп қазіргі таңда сұранысқа ие, өте актуалды кәсіптердің бірі, сондықтан да одан бас тартпадым әрине.

Мәриямды қазақстандық көрермен актриса ретінде де жақсы таниды. Талай отандық туындыларды бой көрсеткен ол енді шет елде актерлық қабілетін сынап көрмек. Қазіргі таңда Мәриям Түрік сериалдарының кастингіне қатысып жүр.

Мәриям Думан, әнші, актриса:

- Қазақстанда отандық сериалдарда актриса ретінде өзімді көрсете білдім, тәжірбием мол деп ойлаймын, сондықтан да егер Түркия елінде кино саласынан маған ұсыныстар түсіп жатса, мен қарсы болмаймын.

Бүгінде «Түркия дауысы» жобасына қызу дайындықты бастап кеткен Мәриям әзірге Стамбұлда қалатынын айтты.

Мәриям Думан, әнші, актриса:

- Түркия елінен жалынды сәлем жолдаушы отандастарыңыз Мәриям Думан!