Маржан Арапбаева енді жас музыканттармен коллаборация орнатып, өз аудиториясын кеңейтпек!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ауқымыды жобалар, сұқбаттар мен гастрольдік сапарлар. Бүгінгі таңда Маржан Арапбаеваның жұмысы тығыз кестеге түзілген! Шығармашылық адамы үшін бұл қалыпты жағдай, - дейді әнші.

Маржан Арапбаева, әнші:

- Қаншалықты шаршап тұрсақ та, білдіртпеу керекпіз. График иә өте тығыз, 2 күн бойы жүгірудеміз осы, жанды дауыста, бүгінгі мынау екінші күнде өтіп жатқан төртінші концертім. Сол себептен мен тек қана шабыт алудамын.

Сондай-ақ, Маржан Арапбаева аудиториясының жасарғанын қалайды. Әнші трендттен қалмай, соңғы кезде әлеуметтік желіде де белсенділік танытып жүр. Тіпті, тиктокқа тіркеліп, заман талабына сай болу үшін барын салуда.

Маржан Арапбаева, әнші:

- Барлығы қазір, енді соған көшіп жатыр ғой. Тіпті, мынау инстаграм деген, кішкене просмотр дейміз ғой, кішкене азайып, тикток деген былай айтқанда үлкен обороттар жинауда. Сол себепті енді ол да бір заманға сай, жастардың жақсы қарайтын бір дүниесі ғой.

Талай жыл сахна төрінде жүрген эстрада жұлдызының адал тыңдарманына дайынған тосын сыйы да бар. Маржан ханым жақында су жаңа EP альбомын жарыққа шығармақ.

Маржан Арапбаева, әнші:

- Менің жаңа әндерім осы жақын арада шығуда. Ол әннің бірі «Чемпион» деп аталады. «Чемпион» көбісі айтады, а спорт жайлы ма, мен айтам жоқ. Чемпион деп атаған себебім, жалпы өмірдегі кез-келген адам қиындықтан мойымайтын, қорықпайтын, алға ұмтылатын осы өмірде жеңімпаз болған адамдарға арнағым келеді.