Айым Сейтметованың аяғы ауыр екені рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сабина Алтынбекова соңғы сәтке дейін жағымды жаңалығын жұрт көзінен жасырып келген еді. Алайда, 24 жастағы спортшы ұл босанғанын желі арқылы жеткізіп, оқырманынан сүйінші сұрады. Еске салсақ, волейболшы 2020 жылы желтоқсан айында бизнесмен Саят Сәлманұлына тұрмысқа шыққан болатын.

Сондай-ақ, әнші Альбина Шардарова да жуырда екінші қызын дүниеге әкелді. Бауыржан Сатовтың кенжесі 4 кг-ға жуық, бойы 52 см болып туылған.

Биыл шоу-бизнесте нағыз бэби-бум. Ана атануға дайындалып жүрген танымалдардың қатарында актриса Айнұр Ілиясова, Салтанат Бақаева, Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек те бар.

Айым Сейтметованың оқырманы да, актрисаның аяғы ауыр деп болжам жасауда. «Ол жүктілігін жасыру үшін, соңғы кезде тек кең киімдерге таңдау түсіреді», - дейді фоловерлері. Айымның өзі болса, әзірге бұл жаңалықты растамады, жоққа да шығармады.