Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған жұлдыздар кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Талай уақыт көңіл жарастырған сүйіктісінің қорлығын көргендердің бірі - экс-Кешьюлік Анель Аринова. Кезекті жанжалдан соң жігіті Анельді көлік артына күштеп салып, зиярат басына апарған. «Қазір сені өлтіріп, осында көміп кетемін», - деген қоқан-лоқылардан соң, әнші ол адамның аяғына жығылып, жалбарынып аман қалған.

Анель Арынова, әнші:

– Қой құсатып көлікке тықты да бейіт жаққа қарай алып кетті. «Қазір өлтіремін», - деді. Не ойларымды білмедім. Ата-анам, жақындарым сол кезде қайда екенімнен бейхабар болды. Телефонымды сындырып лақытырып жіберді.

2016 жылдың ең шулы істерінің бірі – Баян Есентаеваның, Алагөзова болуы еді. Экс-күйеуі Бақытбек Есентаевтың пышақ соққыларынан кейін, продюсер 1 жылға жуық күрделі емнен өтті. Ал Бақытбек 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

Баян Алагөзова, продюсер:

– Маған күйеуінен таяқ жеген әйелдер жиі хабарласып, дайрегіме жазып, өздерінің фотоларын жібереді. Алайда, полицияға арыз түсір деген кезде әңгіме жабылады. Себебі, бізде полицияның өзін сатып алуға болады. Күйеулері келіп, полиция өкілдерімен келісе алады.

Қыз-келіншектердің құқығын халықаралық деңгейде қорғап жүрген әнші Калия нәзік жандылардың арыз жазбайтындарына наразы. Ақмаржан Күшербаев: «Қылмыскер қалайда жазасын тарту керек. Жауапсыз қалдыруға болмайды»,-дейді.

Kaliya, әнші:

– Зорлық құрбаны болғандар қайда хабарласу керек? Сол ақпаратты біз таратып жатырмыз. 102 – полицияға хабарласу керек және 115 деген Алматыда жұмыс істейтін сенім телефоны бар. Сол жерлерге хабарласса біздің полиция және дағдарыс центрінің мамандары көмек көрсетеді.

Ал Фариза Ескерместі ессіз жанкүйері аңдыған. Меруерт Түсіпбаеваға сырттай ғашық жан оның интернетте мазасын алған. Дегенмен аталған істердің бәрі оң шешім тапқан.