Marsel мен Әлішер Егембердиев ортақ трек ұсынды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлішер мен Марсель туындының тұсауын ерекше, шығармашылық атмосферада кесуді жөн көрген! Ол үшін өнер иелері тыңдарманды жинап, лайф форматта әсерлі кеш өткізді.

Әлішер Егембердиев, «The Jigits» тобының әншісі:

– Өз тарапымнан Марсельге алғыс айтқым келеді. Маған қолдау көрсетіп, каллобарация орнатайық деген идеяма бірден келісім берді. Мен шынымды айтсам, әнімді жалғыз орындауға қорықтым. Марсель осы тұрғыда маған күш берді.

MARSEL, әнші:

– Мен бұрыннан бері Алишке жеке шығармашылықты қолға ал деп айтып келе жатырмын. Себебі, ол мен үшін нағыз әртіс. Талай керемет туындыға авторлық еткен. Әнін де сөзін де өзі жазады. Сондықтан талантына күмәнім жоқ.

Әлішер мен Марсельдің ортақ туындысы «Босиком по небу» деп аталады. Трек Егенбердиевтің авторлығымен жазылған. Дуэт боп ән шырқауды аса ұната бермейтін Марсель: «Алиштың ұсынысын жерге қалдыра алмадым», - дейді.

MARSEL, әнші:

– Мен өзім кез-келген әртіспен коллаборация жасай бермеймін. Неге екенін білмеймін Алишке көмектескім келді. Оған себеп оның өнері және тректің керемет болуы.

Ал Марсель мен Алиштың су жаңа туындысын алғаш болып тыңдауға өнердегі әріптестері түгелдей жиналды. Мәселен, кешке әйгілі «JCS» ұжымы, Дильназ Ахмадиева, Диная, Қуат Хамитов сынды танымалдар келсе, «101» бойзбенді ән шашумен Марсель мен Алишты құттықтады.