«Ревю уикли» журналистері аптаның 7 күнінде, тәуліктің 24 сағатында микрофондарын қолдарынан тастаған емес, камера әрқашан қосулы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Толассыз түсірілім, үздіксіз монтаж бен тоқтаусыз жасалып жатқан сюжеттер легі! «Ревю» ұжымы ауқымды шаралардың бел ортасында жүрді. Мәселен, «Беу фест», «Толқын мюзик фест», «Тик-ток фест», «Родной фест»! Қазақ тілді заманауи жас музыканттардың ерекше фестивальдері біздің камера арқылы көрерменге жетті.

Мирас Жүгінісов, Калифорния, Асха Принц, ДжаХалиб, Серік Ибрагимов,Би – 2, Светлана Лобада, Миша Марвин мен Назима сынды үздік әншілердің жеке кештерінің арнайы қонағы болып, эксклюзивті кадрларды көрерменген тарту еттік.

Танымалдардың туған күндеріне біздің ұжымды шақыруы қалыпты құбылыс. ННН, Дамелия, Мерей Абилова, Анель Кенжебекова, Анара Батырханның патилері де назардан тыс қалмады.

Димаш Әділеттің Қазақстандағы тұңғыш сұқбатын біз жазып, Джа Халибтің әке атануын да көпшілікке біз хабардар еттік.

«Ревю» командасы дәл осы күнделікті атқаратын тірліктерінен қол үзіп, демалысқа шықпақ! Жаңа ойлар мен тың идеяларды топтастыру үшін, аздаған үзіліс алуды көздейді. Сондықтан, жаңа маусымда, яғни ақпанда бұдан да ауқымды, әрі қызықты жоба күтіңіз! Көріскенше, көрермен!