«Джулия» мюзикліне салынған 600 миллион теңге шығын ақталды ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, тілші:

- «А-Студио» мен Байғали Серкебаевтың 3 жылдық еңбегінің жемісі бүгін сахнада! Ұжым Алматылықтар үшін «Джулия» спектаклінің тұсауын кесіп жатыр. Бұл – расымен де жылдың үздік премьерасы болмақ! Неге дейсіз ғой? Қазір түсіндіремін!

Сахна сан түрге айналып, декороция мың құбылып «Джулия» көрерменін әп сәтте елітіп әкетеді. Жанды дауыстағы әсерлі музыка және махаббат хикаясы! Мюзикл 80-90 жылдары хит болған «А-Студио» тобының әндері арқылы, көрерменге ерекше әсер сыйлады..

Қайрат Кульбаев, «Джулия» мюзиклінің бас продюсері:

- Мюзиклдің машстабы үлкен ауқымды десек болады, қалай ойлайсыз Бродвей стиліндегі мюзиклдің қазақ көрермендері үшін ерекшелігі?

- Әрине біз АҚШ-та, Лондонда Бродвейлік мюзиклдердің ұстанымдарын қолдануға тырыстық. Ол үшін кәсіби мамандарға жүгіндік, режиссерлық команда, техника қоятын ұжым. Қойылымда декорация өте ауқымды.

- Мұндай масштабты жобаның бюжеті де аз емес, қанша шығын кетті?

- Кеткен шығын аз емес. 600 млн теңгеден аса қаржы жұмсалды

Гүлдана Мұқан, тілші:

- «А-Студиолықтардың» айтуынша, «Джулия» заманауи Қазақстандық мәдениеттің төлқұжаты болады. Отандық мюзикл жанрын дамытуға үлес қосады. Бүгін сахна төріне Рүстем Нұржігіт, Kyle Ruh, «The Jigits» тобының мүшелері көтеріледі.

Сценарий бойынша 20 жылдан кейін алғашқы махаббатын қайта кездестіретін кейіпкер Рүстем Нұржігіт болса, Джулияның образы Дана Сағынбайға бұйырған.

Дана Сағынбай, «Джулия» мюзиклінің актрисасы

- 3 ай бойы осы «Джулиямен» өмір сүрдіңіздер, үміт ақталды ма?

- Оны енді біздің мұғалімдерден сұрау керек сияқты.

- Театр сахнасы киелі деп жатыр, қорқыныш боды ма сізде?

- Толқу болды бірақ қатты емес шыны керек, өйткені бізде мүмкін 3 ай бойы бізде күнде күнде репетиция болғаннан кейін шығар, біз шықтық автомат ретінде, робот ретінде шықтық ойнадық бәрін былай беске орындаған сияқтымыз.

Ал, Джулияның сахнадағы ұлын «The Jigits» тобының мүшесі Әлішер Егембердиев сомдайды.

Әлішер Егембердиев, «Джулия» мюзиклінің актеры

-Байғали Серкебаев ағамыз сіздерді таңдап алып, сіздерге үміт артты, сол үмітті ақтадым деп ойлайсыз ба?

– Боря ағамыздың әрбір айтқан сөзіне құлақ асамыз және үлкен жауапкершілікпен қараймыз. Менің ойымша біз маэстроны ұятқа қалдырмаймыз. Себебі, өте көп жұмыс жасадық, әлі де үйреніп жатырмыз.

Ділбара Аубакирова, «Джулия» мюзиклінің актрисасы

- Посыл, мессежі қандай бұл мюзиклдің?

– Сүйе білу, кешіре білу, жақыныңды уақытында бағалау.

- Сахнада ән айту оған қоса би билеу қаншалықты қиын?

- Билеп ән айту өте қиын, бізде міне біздің труппамызда Рэнема Рустамовна деген мұғалім бар, ол бізді көп нәрсеге үйретті, жүрігіп ән айттық, пресспен ән айттық.

Айнұр Ілиясова, актриса:

- Декорацияның минут сайын ауысуы да мені шабыттандырды. Дәл қазір осыны көрдім және кәдімгідей сүйсініп отырмын, жүрегіммен анандай, бәрін ұмытып басқа әлем де отырмын да шынымен де тамаша.

Ольга Ким, дизайнер:

– Керемет қойылым, сахналық образдар мені таңқалдырды. Өз басым тек жағымды эмоция алып отырдым.

Нұрдаулет Бектұрсын, блогер:

- Мюзиклден көремін деп ойлаған жоқпын..

  • Ұнап жатыр ма?
  • Иә, шынымды айтсам бірінші рет мынандай қойылымдарда, өте керемет эмоция екен. Постановкалары мықты кәдімгі шынайы эмоциясына кіріп кетеді екенсің ішіне кіріп. *00:50 Мен ойлам қоямын неге біздің қазақтың әншілері осындай концерт істемейді, бірақ ол қиын сияқты оңай емес сияқты да.

Желтоқсанның 24-інен басталған қойылым қаңтар айының соңына дейін жалғаспақ. Көрермен күніне 2 уақыт мюзиклді тамашалай алады.