Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Батырхан Шүкеновтың әндері әлі де актуалды! Мәселен біз бүгін келген спектакль авторларының шабытын Батырдың хиттары шалқытқан. «Золотой квадрат» қойылымының премерасындамыз!
«Отан Ана», «Дождь», «Джулия» композициялары театр сахнасында қайта шырқалды. Батырхан Шүкеновтың хит композициялары арқылы көрермен ескі Алматыға саяхат жасады. Шүкеновті сомдау «ARTиШОК» театрының актері Қуантай Әбдімәдиге бұйырған.
Қуантай Әбдімәди, кино және театр актері:
-Бұл спектакльдегі сіздің образыңыз өте салмақты сияқты.Сізді Батырдың жас кезіне ұқсаттым.
-Характеріміз келмейтін деп ойлайтынмын. Бірақ кейін енді қолдан келгенше жаңағы интервьюларын көріп ақырын-ақырын. Бірақ біз спектакль барысында айтпаймыз Батыр деп. Он, он в основном сондай ол деп айтамыз.
-Біз білеміз Батырхан ағаның айту, орындау ол үлкен жауапкершілік. Сезіндіңіздер ма сол жауапкершілікті?
-Батырхан Шукеновтің мәйітіне барып, жатқан жеріне барып бір сағаттай отырып, былайынша айтқанда рұқсатын алып қайттым. Әрине ол жауапкершілік бар.
Көрермен байырғы Алматының атмосферасын сезіну үшін сахнаға LED экран мен хромакей қойылған. Шынайы камера алдында тұрып, рөл сомдау – қойылымның ерекшелігі. Идея және сценарий авторы, оған қоса режиссері және басты кейіпкерлердің бірі «ARTиШОК» театрының актрисасы Галина Пьянова.
Галина Пьянова, актриса, режиссер:
-Біз спектакльдің ерекшеліктерінің бірін байқадық, яғни храмокей, жасыл мата деп жатамыз, бұл идея қайдан келді?
-Кино мен театрды біріктіріп, көрерменге процессті бақылауға мүмкіндік бердік. Қалағаны актерлардың ойнына қараса, кейбірі бірден экран арқылы тамашалайды.
-Ал көрермендерге, бір уақытта экранды да, кейіпкерлерлің ойнағанын қарау қиын емес па?
- Заманауи көрерменнің ой өрісі қатты дамыған, олар тіпті 4 проекцияны қатар қарауға мүмкіндіктері бар. Бізде соның 2 фишкасын қолдандық.
Қуантай Әбдімади, кино және театр актері:
-Сахнада қатарынан экран жүріп жатыр және хромакей болды. Қатар ойнау қаншалықты қиын?
-Қиындығы алғашында репетиция кезінде болды. Репетиция кезде болды. Өйткені бұндай менің опытымда болған емес. Мына жерде камера, кино мен театр бірге. Бір сәтте кино мен театр. Айтады ғой жаңағы бір көзім анда, бір көзім мында болып ойнаймыз.
Виктория Мұхаметжанова, актриса:
-Храмокей арқылы көрермен бізді экраннан көре алады. Яғни соның арқасында біздің эмоциямыз, актерлық шеберлігіміз көрермен жадында қалады. Арт жақта отырған қонақтарды алдай алмайсың.
Спектакль 3 жыл сахналануы тиіс еді. Алайда карантин премьераның кейінге шегерілуіне әсер етті. Тұсаукесері Республика сарайының үлкен сахнасында, 3 мың көрерменнің алдында қойылған.
Қуантай Әбдімади, кино және театр актері:
-«Золотой квадрат» спектаклін көрген көрермен қандай ой түйеді?
-Ол жаңағы қаланы сүю, Алматыны бағалау. Сол жағынан көп жаңағы үйретерлік сәттері бар. Оны жаңағы көбіне Галинаның кейіпкерлері арқылы беріледі оның бәрі.
Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova:
- Ескі Алматы есінде көптің... Бүгінгі спектакль тағы да ностальгия жетегіне ертті. Көрермен бұрыңғы Алматыға сағыныштарын айта тарқасты.