Қазақстан мен Қырғыстан бірігіп фильм таспалады!

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

Қазақстандық кинонарыққа халықаралық жоба қосылды! Бұл жолы еліміз Қырғызстанмен бірігіп криминалды драма таспалады. Басты ролде отандық актерларымыз бар. Олар Азиз Бейшеналиев пен Марат Амираев!

Азиз Бейшеналиев пен Марат Амираев басты рорлдді сомдаған туындлы Месть деп аталады. Драма шынайы оқиғаға негізделген. Түсірілім жұмытары былтыр 1,5 ай бойы Бішкек қаласында өткен.

Азиз Бейшеналиев,актер:

Бұл жолы Қазақстандық емес, шетелдік кинонарықта жұмыс істедіңіз, айырмашылық сезілді ме ?

-Айтарлықтай айырмашылық жоқ. Біріншіден менталитетіміз ұқсас, екіншіден Қырғызстанның кинонарығы соңғы жылдары өсе бастады. Дегенмен, қырғыздар біздің біздің киноөндіріс деңгейінен 7 жылға артта қалып қойған дер едім.

Арнайы шақырту алдыңыз ба ?

- Месть фильмінің продюсері 12 жыл бұрын мені спектакльден көріпті. Сол сәтте фильм түсірсеа шақырамын деп ойлап қойған. Бұдан кейін қалай келіспейсің.

Сатқындық. Қастандық. Әділетсіздік. Бұл- Месть драмасын толықтай суреттейтін тірек сөздер. Сюжет бойынша Әзірет есімді жігіт полицияда адал қызмет атқарып, соңында опасыздықтың құрбаны болады. Қаніпезер қаскөйлер арнайы жоспар құрып, оның аяғы ауыр әйелін өлтіреді. Жол апатында оның жұбайы ғана емес, 12 жыл бойы сарыла күткен құрсақтағы шаранасы да жан тапсырады.

Азиз Бейшеналиев,актер:

- Бұл жолы полиция қызметкерінің рөлін сомдайсыз, образыңыз туралды айтып беріңізші ?

- Полиция қызметкерінің образын алғаш сомдап тұрғаным жоқ, мені осы образбен танитындар да бар. Бір қызығы мен тіпті әскери борыщшымды өтемегем. Соның өзінде осындай рорлге жиі шақырады.

Азиз Бейшеналиев,актер:

- Шетелдік жобаның гонорары көп пе біздікінен ?

- Менің белгілі бір ставкам бар. Дегенменде жас режиссерлар түсіп беруімді өтінсе, мен барынша қолдау білдіремін.

Марат Амираев, актер:

- Бұл жобада жігіттер жарады, ешкімнен кем түспейді. Гонорар мәселесінде мені бір қуантты.

- Фильмде антогонистсіз, өзіңіз осындай образдарды жиі сомдайсыз ?

-Шын мәнінде мен өмірде өте мейірімді адаммын. Бірақ образдарының бәрі қатал. Мұның себебін білмедім. Бір амплуадан қалып қойдыми ба деп қорқамын.

Фатима Кулибали, актриса, модель:

- Ұнады ма кино ?

- Иә шынымды айтсам маған ұнады. Фильмде көрермен күтпеген жағдайлар орын алады. Әсіресе туындының соңы мені қатты таңқалдырды.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Жоба аувторлары қос елде прокат бастады. Қырғызстан мен Қазақстан кино коллаборациясы сәтті шықты ма ? Оны бокс-офис көрсетеді!