«Alpha» тобы АҚШ-ты бағындырмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Титр: Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- Ерекше имидж, мінсіз хореография және хит тректер! «ALPHA» тобы соло концертін өзкізіп жатыр. Жігіттер Қазақстан бойынша жасаған турларын аяқтап, бүгін Алматыда өнер көрсетеді. Сапар қалай өтті? Мембердердің ендігі мақсаты қандай? Кештен эксклюзивтті кадрлар және мемберлер сұқбат ұсынамыз!

«ALPHA» тобы:

- Қазақстан бойынша тыңдармандарыңа есеп беру концертін бердіңдер. Сапар қалай өтті ?

- Сапар өте керемет өтті. Негізі біздің бірінші турымыз болғандықтан бірінші сапар болғандықтан андай бір қызық қалай бір путешествияға бара жатқан сияқты боласың.

- Шыны керек q-pop бағытында талай бойзбенд құрылды. Бірақ олардың ғұмыры ұзақ болмады. Сіздердің өз биіктеріңізде ұстап тұруларыңыздың сыры бар ма?

- Жай ғана бір бірімізге деген түсініспеушілік десеңда қалай түсіністік. Иә бір бірімізге деген түсіністік және де махаббат. Иә біз өзімізді группа ретінде емес үлкен отбасы ретінде қараймыз.

- «Альфа тобын» брендке айналдырып үлгердіңдер. Фан митинг, мерчтар сатып жатсыздар. Режимдарың қандай ?

- Режимді айтпасақта болады десең, біз осы тур үшін жалпы қатты жұмыс істеп жатырмыз. Бұл турдың дайындық барысында біз жаңа альбом жазып та үлгеріп жатырмыз. Сол үшін шыныменде күніге тек үш сағат ұйықтап жүрміз бірақ оның бәрі өкінбейміз.

2021 жылы «Сені ойлай» трегі жарыққа шыққаннан кейін олардың шығармашылығында өркендеу кезеңі басталған. Соған сәйкес, топтың табысы да артқан. Десе де тур, имидж, альбом үшін жұмсалатын шығын да аз емес.

«ALPHA» тобы:

- Негізгі табыс көзі қайдан, көптеген әртістер басқа саладан жұмыс істеп өнерге ақшасын салып жатады. Сіздерде шығыс көп пе әлде кіріс көп пе ?

- Шындықты айтатын болсақ бізде шығын көп. Себебі біз бізге түскен жалпы еңбегімізбен тапқан бүкіл қаражатты біз әрі қарайғы біздің жұмысымызға төгеміз. Яғни жаңа альбомдар, жаңа бейнебаяндар, тур демекші бұның бәрі арзан зат емес.

«ALPHA» тобы:

- Еске салсақ сендер 2021 жылы 29 қазанда құрылдыңдар. Одан бері талай жетістікке жетіп үлгердіңдер ендігі мақсат қандай ?

- Америка. ендігі мақсат Америка. Иә әлемге шығу, әлемге көрсету. Иә тек қана қазақ музыкасын көрсету емес, өзіміздің өнерімізді көрсету.

- Сендердің әуезді әндеріңнен бөлек имидждарыңа да ғашық қыздар көп сияқты. Соны мен сұрағым келіп тұр, фанаттарда шанс бар ма ?

- Негізі бәрі мүмкін иә күшті сұрақ екен бірақ келесі сұрақ.

- Фанаттарда мен үшін шанс бар. Шанс бар.

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- «Альфа» тобының концерті өз мәресіне жетті. Келген әрбір тыңдарман кештің вайбы мен жігіттердің энергетикасын сезінгені анық. Енді жігіттер жаңа альбом шығарып, Американы бағындырмақ.