Мерей Әбілованың хен патиі қалай өтті?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Бір-ақ күнде қуантып қос ананы! Мерей Әбілова бірер күнде ақ келін атанады. Ал бүгін блогердің құрбыларымен – қызойнақтамыз яғни хен пати.

Мерей аз кем уақытта кербез күнімен қоштасады. Сондықтан құрбылары, жақындарымен сауық құрып жатыр. Хен пати – silver style, яғни күміс түстес реңктер қолданылған.

– Ұзату, үлкен тойдың датасы белгілі ма? Қашан?

Мерей Әбілова, блогер:

– Белгілі. Бірақ айтпай-ақ қояйын жақын күндері болады.

Той күнін құпияда қалдырған Мерей, салтанатқа дайындықтары жайлы ештеңе жасырмады. Қазір үйде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қалыңмал, әке ақысы, ана сүтінің бәрі беріледі. Бірақ нақты соммасын білмеймін, оны үлкендер шешеді,-дейді.

– Димаш наурызда сөз салды. Сәуірде некелеріңді қидыңдар. Бірақ оны қыркүйекте ғана оны жарияладыңдар иә?

Мерей Әбілова, блогер:

– Сол тойға аз қалғанда жариялайық деп ойладым. Өйткені енді... Елдің алдында жүргендіктен сөз болмасын деп. Менің тойым енді осы ноябрьде ғой. Сондықтан арасы ұзақ болып кететін еді жүре берсем.

Мәһрге алтын сағат браслетімен берген. Сразу ертесіне әперген.

– Ол уақыттан бері 7 ай өтті. 7 ай бөлек тұрып жүрсіңдер ма?

– Иә бөлек. Солай келісіп алған болатын екі ара. Неке қиыла берсін. Бірақта қыз ұзатылмай жатып, анау үйге әлі бармайды деп ше.

Мерейді қолдап хен патиге туған әпкесі Аружан Әбілова да келді. Қимастық бар, қанша дегенмен егіз қозыдай бірге өскен бауырым ғой,-дейді ол.

– Мерейдің ұзатуында сенің тарапыңнан әпкесі ретінде ән, сюрприз, тосынсый бола ма?

Аружан Әбілова, блогер:

– Біз отбасымызбен сюрприз дайындап жатырмыз. Ол әлі секрет.

  • Оны ұзатуда көре аламыз?
  • Ұзатуда көре аласыздар бұйыртса иә.
  • Әкеңіз де ол жерде болады?
  • Айтпай-ақ қояйын енді. Кішкене интрига болсын. Ондайды ешкім күткен жоқ деп ойлаймын.
  • Мерей әлі білмейді иә?
  • Мерей білмейді.

Қызойнаққа Мерейдің шашбауын көтеріп келген құрбыларының арасында – Зарина Нұржанова да бар. Екеуінің таныстықтарына 4 жылға жуықтап қалған.

– Жалпы Мерейді қай уақыттан бері танисыз?

Зарина Нұржанова, блогер:

– Біз Мереймен алғашқы рет совместный контент жасауға кездескенбіз. Ол 2019 жыл ма деймін. Жоқ, 2020.

– Сіз қашан енді?

– Анау табличка бар еді, я следующая деген.

  • Шынымен ба?
  • Ну возможно. Негізі маған бір жыл бұрын сөз салайын деген еді.
  • Өзі біледі еще.
  • Иә. Мен ол кезде әлі дайын болмадым да. И енді бұйырса деген ой бар.

Сымбат Сағындық, @symbat_sagyndyk

– Ең әдемі блогерлердің бірі – Мерей Әбілова енді үлкен әулеттің ақ келіні. Мерей, отбасыңның керегесі кең, босағасы берік болсын дейміз.