Тамирис Жанғазиноваға қымбат көлік пен зәулім үй тарту еткен кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сымбат Сағындық, @sуmbat_sagyndyk

Тілек орындайтын телефон! Қалауыңызды суретке түсіріп, желіге жүктесеңіз болғаны, ойдағы нәрсеңіз әп-сәтте алдыңызда тұрады. Жаңа авто, айфон, зәулім үй. Бұл – «100 пайыз» толықметрінің сюжеттік желісі.

«100 пайыз» толықметрі осыдан бір жыл бұрын таспаланып қойған. Негізгі кейіпкерді – Тамирис Жанғазинова сомдайды. Талай туындыда төбе көрсетіп жүрген Тамиристың, бұл тұңғыш басты рөлі болып шықты. «Барымды салып, 100 пайыз беріліп ойнадым»,-дейді өзі.

Тамирис Жанғазинова, актриса:

Көптен күткен фильмдерімнің бірі болған. Жалпы менің карьерама өте маңызды фильмдердің бірі. Себебі бұл жерде жәй ғана комедия емес, тек қана күлдіртіп қана қоймай, адамдарды жылататындай жерлері бар.

Бұл кинода Таня Турлай да бар. Біздің: «Егер расында тілек орындайтын телефон қолыңызға тисе, не істейтін едіңіз?»,-деген сауалымызға, «Әлемдегі барлық адамның несиесін кешірер едім. Себебі өзім талай жыл тапқанымды банкке төледім»,-деп жауап берді.

Сізде кредит бар ма?

Татьяна Турлай, актриса, блогер:

Қазіргі уақытта... Вот жолдасым тұр. Кредит бар ма менде, кредит? Жоқ.

-Болды ма бірақ?

-Болды иә. Шын айтам көп кредит болған. Бірнеше миллион.

Анар Батырхан үшін бұл фильм үлкен эксперимент болған. Әдеткі әзілқой бикешті емес, салмақты сылқымды ойнаған.

– Негізі бұл премьераға сен үшін келіп отырмыз. Бір құпияны аша кетейін.

Анар Батырхан, тележүргізуші, актриса:

– Мен өте, өте салмақты банкиршаның рөлін ойнаймын. Банкта кәдімгідей білдей бастық. Аида деген қыздың рөлін ойнаймын. Менің ойымша мен өзімді басқа қырымнан көрсеткен сияқтымын. Өздеріңіз бағасын бересіздер.

ЗБұл фильмде Бексұлтан Піләл да төбе көрсеткен. Жақында ғана «Медиа чемпион» атанған файтердің әзірге арманы жоқ. Себебі ол кішткентай эпизодқа түссе де, бет-бейнесі барлық жарнама баннерлерінде жүр.

– Бір қызығы «100 процент» фильмінде сенің бір ғана репликаң бар. Бірақ сенің түрің бүкіл постерде жүр. Бұл маркетингтік қадам бар?

Бексұлтан Піләл, актер:

– Білмеймін. Солай-ау. Ол жерде мен екі-ақ сөз айттым ғой. «Шеф, мынау кім?»,-деген.

Сымбат Сағындық, @sуmbat_sagyndyk

Адамдардың қалау-тілегі орындала берсе, жер бетін хаус жайлай ма? Бұл фильм қазақстандықтардың проблемасын 100 пайыз көрсетеді. Ал көрермен көңілінен шыға ма? Касса көрсетеді.