67 жастағы Айжан Нұрағамбетова подиумда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Көрсетілімде Қазақстандық бомондтың басы қосылып, өзекті эко тақырыпты талқыға салды. Қала берді, отандық және шетелдік 8 дизайнердің жұмысы көрерменге ұсынылды. EFW – мақсаты еуропалық және азиялық брендтермен, халықаралық БАҚ-пен ынтымақтастықты нығайту.

– Бүгін міне EFW-тің екінші күні. Тәмәмдаушы сәт. Қалай өтіп жатыр? Көңіліңізден шығып жатыр ма Ирина?

Ирина Байжанова, «Еurasian fashion week» бас продюсері:

– Иә, екі күнге созылған сән апталығы аяғына жетіп жатыр. Бәрі тамаша. Тұңғыш рет көңілімнен шықты деп анық айта аламын. Дизайнерлердің деңгейі де таңғалдырады. Ұйымдастыру жағы да жоғары болды.

Кеш ерекшеліктерге толы болды. Дизайнер Айдана Омарованың көрсетілімін, 67 жастағы ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова ашып берді. Сәнгер образды Нұрмағамбетоваға арнайы тіккен.

Айжан Нұрмағамбетова, әнші:

– Қазақстандық сән апталығында қонақтамыз. Шетелдік дизайнерлердің де жұмыстарын көрдім. Бәрі өте тамаша. Бүгін мына подиумда жүру бақыты маған да бұйырған екен.

EFW – жас дизайнерлерге де мүмкіндік сыйлайтын үлкен алаң. Мұнда сәнгерлер қиялы мен шабытын ұштастырып, жұрт көңілінен шығатын топтамаларын таныстыра алады.

Эльвира Сарыбаева, сәнгер:

– Бүгін менің дебютім. Топтамам таңдаулы дизейнерлердің жұмысымен қатар тұрғанына шын жүректен қуаныштымын. Ары қарай да сәнсүйер қауымды таңғалдыруға тырысамын.

Шоу-көрсетілімнің көрермен көңілінен шыққанын, соғылған шапалақтардан-ақ аңғаруға болады. Қонақтар да дән риза.

Милена Ершова, EFW көрермені:

– Көрсетілімнің аурасы мен атмосферасы өте жағымды, тамаша болды. Сәнгерлердің жұмысы да таңғаларлық. Меніңше, ұсынылған коллекцияларды өмірде де киюге болады.