Жақында сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған Марғұлан Әденнің тойы қашан?

Сообщить о проблеме с эфиром

Марғұлан Әден 1 қараша күні Парижде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, келісімін алған соң, некелерін де қидырды. Блогер әуелі жарының әкесіне қоңырау шалып, разылығын алған.

Марғұлан Әден, блогер:

– Некелескен қалай екен?

  • Өте күшті екен. Бір жаңа этап басталды. Бір өзімде де жаңа статус пайда болғандай болды. Мәз болып жүрмін.

– Жансаяны жаныңда жүрген кезде көретінбіз. Бірақ қызың екенін білмеппіз. Қалай жасырып жүрдің?

Марғұлан Әден, блогер:

- Жай айтқан жоқпын. Инстаграм ешқайда салмайтынмын. Не істеймін салып мысалы? Ертең дұрыс емес бірнәрсе болып қалса тағы да, осындай қызы бар еді ғой деп ешкім айтпасын деп. Просто бәрі дұрыс болса, вот осы дейтін не ғой.

– Жансая Иреншиева деген аты-жөнін ғана білеміз. Енді өзің таныстырсаң?

Марғұлан Әден, блогер:

– Иренші Жансая. 2001 жылғы қыз. Алматы қаласынан, албанның қызы. Ал мен негізі таныспын бұрыннан. 4 жыл бұрын таныспын. Бізді өзіне тур агенство ашып, бізді Жанс, Ратбек үшеуімізді Дубайға апарған. Сол кезде танысқанбыз.

  • Төрт жылдан кейін махаббат пайда болды ма?
  • Иә. Таныс болып жүрдік.
  • Қай кезде сездің?
  • Вот жақсы сұрақ екен иә... Осы соңғы сөйлесіп бастаған кезде сездім ғой.

Қазіргі таңда тойға қызу дайындық жүріп жатыр. Тіпті салтанат уақыты да белгіленіп қойған.

Марғұлан Әден, блогер:

– Той бұйырса ақпанда.

  • Алматыда бола ма? Таразда ма?
  • Таразда Құдай қаласа. Тараздыкімін ғой мен енді. Менікі Таразда, қыздыкі Алматыда болады ұзату.