Артур Давлетьяров gender party-да неге жылады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жақында екінші рет әке атанасың.

Артур Давлетьяров, әнші:

Құдай қаласа.

  • Бұл жаңалықты қалай қабылдадың естіген кезде? Көзіңе жас алып қалдың. Видеодан көрдік.
  • Иә, әрине. Аяғы ауыр екенін білдік қой. Әйелім екеуіміз, үлкен гендер пати жасамай-ақ қояйық деп, өзіміз үйде отырып торт алып келген ғой сол. QR-ын көргенде, дауысын естігенде, уже жылағым келіп кетті ғой.
  • Жүрегің нәзік па?
  • Жүрегім өте нәзік. Досыма болсын, ата-анама болсын өте нәзік. Так что мені ренжітпеңдер десең.

– Сумаяның атын өзің қойдың. Тұңғышыңның атын. Екінші қызыңның атын кім қояды?

Артур Давлетьяров, әнші:

– Анама берем. Анама айтып қойдым.

  • Енең ба? Анаң ба?
  • Анам, анама берем. Анам қояды енді бұйыртса. Бұл енді примерно енемен, бізбен ақылдасып қояды ғой бір атты.
  • Шамамен қандай ат қоятындарың белгілі ма?
  • Білмейміз әлі. Мамада фантазия үлкен ғой енді. Мені Артур деді, ойлаңыз енді.
  • Сол 99-шы жылы Артур деген атты қойып тұрған адам, өте ерекше, креативті атты қояды дейсің ғой?
  • Ой, оның фантазиясы... Көреміз...

Тойларға жиі шығасың ба?

Артур Давлетьяров, әнші:

– Тойларға жиі шығам. Алматы енді тойлардың отаны болған соң, хабарласады: қаладасың ба? Кел. Барасың.

  • Ставка нешеден болып жатыр?
  • Айтпаймын. Прямой менеджерге звондаңдар.
  • Иә, страницасында менеджерінің нөмірі тұр. Хабарласыңдар. Мен сияқты сұрақ қоймаңдар.
  • НТК сәлем! Самая вышка!