Хит болған – Балқия! Нұргүл Мыңғатова ән салғаны үшін неге хейттің астында қалды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Гүлдана Мұқан, @guldanamukanova

- «Қызыл Раушан», «Ямахау», «Балқия» тректерін тыңдамаған жан жоқ шығар сірә. Дәл бүгін осы композицияларды «Республика сарайында» жанды дауыста еститін боламыз. «Орта Азияның хитмені» атанған Ұланғасыр Қами тұңғыш шоу концерт өткізіп жатыр.

Ұланғасыр Қами, әнші:

-Халық бұл концертке келгеніне өкінбей кететіндей жасаймыз бұйырса, Алла қаласа.

-Шоу демекші, шоуға мықты дайындалып жатқан сияқтысыз, мықты хореография қойып, арнайы би жасайын деп жатырсыз. Қанша уақыт кетті дайындыққа?

-1,5 ай кетті. Ең аз уақыттың рекордын қойып жатқан сияқтымыз.

Ұланғасыр Қами, әнші:

-Көктемде Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, концерт бердіңіз. Сізді арнайы шашу шашып, шапан кигізіп күтіп алады екен?

-Жалпы әншілердің жанкүйерлері бөлінеді ғой, жастар болады, менікі ондай ғана емес, үлкен апа-аталардан бастап жас кішкентай балаларға дейін Аллаға шүкір. Содан кейін шығар деп ойлаймын.

Ұланғасыр Қами, әнші:

- Концертте шоу деп айттық қой басында, нағыз шоу бірінші кезекте мен үшін айтыс. Екіншіден Төреғали Төреәлі ағаммен мен айтпаған бағытта, жаңа қырымнан танылып бір басқаша жанрда ән шығардық.

Ұланғасыр Қами, әнші:

-Жаңағы мотоциклмен сахнаға шығып, сол клиптегідей. Енді халыққа жақсы бір көңіл күй-сыйлайық деп. Жаңағы Балқияның өзін алып шығып, Нұргүл Мыңғатова ханымды.

«Балқия» - Ұланғасырдың да, Нұргүл Мыңғатованың да бағын жаққан хит. Бейнебаяны ютуб видеохостингінде - 6 млн-нан астам қаралым жинаған. Қала берді, екеуінің тойға шақыртулары жиілеген. Қалтасын да әжептеуір қалыңдатқан.

Нұргүл Мыңғатова, актриса:

- Жаңа ғана залды жарып кеттіңіз.

- Мен күткен жоқпын, мын шығып қалып едім, ана халық деген сахнаға шығып кетейін деп тұр ғой, именно сол «Балқия» әніне. Біз олай ойлаған жоқпыз енді қатты кетеді деп, төрт айдан кейін енді Ұланғасыр өзі айтты ғой, 4 айдан кейін хит болды деп.

-Желіде сіздің билегеніңіз бар, бірақ ән айтқаныңыз жоқ. Бүгін сахнада ән айтып кеттіңіз?

- Мен ертең үлкен сахнаға шығып осындай сольный концерт беріп кетпеймін қорықпаңыздар. Қайта-қайта ән айтып кетпеймін қорықпаңыздар. Міне осы бала айтады.

- Нұргүл ханымның ән айтқанын көрдіңіз ба?

Төреғали Төреәлі, әнші:

- Енді актерлар жалпы, баяғыда біздің марқұм Есім Сегізбаев ағамыз айтатын еді, актерлар деген бүкіл нәрсеге данный беріледі ғой, әнді айтса актерлар айтсын дейді, әнді айтсаң жаныңды жеп айтасың дегендей түсініп айту бөлек, жәй ғана айта салу бөлек, сөйлеу бөлек деген сияқты. Сондықтан өзім актер болғаннан кейін суда жақын ағады дегендей болып кетіп жүрмесін, бірақ актерларға деген құрметі халықтың да, өнерпаздардың да, әріптестер бәрінің құрметі ерекше ғой.

Ұланғасыр Қами, әнші:

- Орта Азияның хитмені атандық ал әлемді қашан жаулайсың?

- Негізі болмайтын нәрсе жоқ екен, мен осының өзінде армандап бірақ болмайды деп ойлайтынмын. Алла берсе бірақ сәтте бере салады екен. Димаш ағамыз сияқты болып кетсек таңқалмаңыз.