7 мамыр – Отан қорғаушылар күні! Мерекені шоу-бизнес өкілдері қалай тойлайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні! Әдетте бұл мерекеге серілеріміз аса қатты көңіл бөле бермейді. Десе де Гүлнар Сильбаева мейрамды өз деңгейінде ерекше тойлау керек деп есептейді:

Гүлнар Сильбаева, актриса:

– Бәріміз тең болуымыз керек. Егер әйелдер күнін атап өтсек, ерлер күнін де атап өтейік.

 

Ерлер қауымы мерекені асыға күтпегенімен, арулар қашан да сүйіктілерін қуантуға асық. Ал біз мейрам қарсаңында медиа кеңістіктегі нәзік жандылардан серілерін қандай сыйлықпен қуантқанын білдік:

Sabirkin, блогер:

– Жолдасыма сыйлықты беріп қойдым. Бір ерекше блакнот бердім. Смарт блакнот.

– Смарт блакноттың құны қанша?

Бір 100 мыңның ар жақ бер жағы.

Деседе блогердің жұбайы бұл сыйлықты өзі қаламаған болып шықты:

– Өзі қалады ма? Жоқ өзіңіз соны сыйлағыңыз келді ме?

Sabirkin, блогер:

– Өзім сыйладым. Иә, ол кісі негізі сыйлық алғанды ұнатпайды қатты. Бірақ кейде өзім көңіл-күйін көтеріп деймін.

 

Блогердің жары сыйлық алуға аса ниетті болмаса, Тимур Балымбетов бұл жолы ерекше сыйға дәмелі көрінеді:

Тимур Балымбетов, жүргізуші, инфлюенсер:

– Сөздің шыны керек үлкен мереке деп үйде, үй ішінде біз тойламаймыз немесе мысалы үшін мен 8-наурызға сыйлық берсем, 7 мамыр күні мен сыйлық алмаймын. Өзгерту керек негізі. Енді биыл талап етемін.

 

Биыл мерекені атап өтуге шешім қабылдаған Тимур Балымбетов жарынан қандай сыйлық сұрайтынын құпияда ұстауды жөн көрді. Ал актриса Гүлнар Сильбаева арқасүйерін қалай қуантатынын айтты.

Гүлнар Сильбаева, актриса:

– Шұлық берсе болмайды иә?

– Жақында ол экстремалды көлік жүргізу жайлы ақпаратты әлеуметтік желіде репост жасағанын көрдім. Мен оған осындай бір ерекше сертификат сыйлағым келеді.

Арулардың қолдаушысы әрі қорғаушысы болып жүрген ер азаматтар бұл күнге қатты маңыздылық бермегенімен, сүйіктілерінің ерекше көңіл бөлуін іштей қалайтыны сөзсіз. Сол себепті бір-бірімізді қашан да қуантып, мерекені ерекше атмосфераға бөлейік!