Сүйінші! Аңызға айналған «Аватар» үлкен экранға қайта оралды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Ең кереметі, Джеймс Камеренның танымал туындысын көрермен бұл жолы да қазақ тілінде көре алады.

Шах-Мұрат Ордабаев, дыбыс режиссері:

Диснейдің өкілдері дыбыстайтын мамандарды өздері таңдайтын. Ал бұл жолы кастинг қалай өтті?

Дәл солай, бірақ бұның да ерекшелігі бар. Басты кейіпкерді Джейкс Алиді, оның жарын, балаларын дыбыстаған әртістерді сол қалпы сақталып келеді. Ал қосалқы жаңа қосылған кейіпкерлерге кастинг болды.

 

Нақтырақ айтсақ, басты кейіпкер Джейк Саллиді – актер Қобыланды Болат, Зои Салдананы Шехназа Қызыханова дыбыстады. Ал тайпа басшысы Роналды ана тілімзде сөйлету Алма Халмұхановаға бұйырған.

 

Алма Халмұханова, актриса:

Шын мәнінде дубляждың ішкі сырын, әрбір кейіпкердің нутросын беретін шын майталман. Бір рет кіріп, сөйлей салу де қабылдауы мүмкін көрермен. Жоқ, сіз оған образ бересіз, нутро бересіәз. Даусыңызды өзгертесіз.

 

Режиссер Шах-Мұрат Ордабаев-тың айтуынша, Аватарды қазақша сөйлетуге 35 күн кеткен. Ал дауыстарды бекіту одан да күрделі жұмыс болды дейді.

Шах-Мұрат Ордабаев, дыбыс режиссері:

Ұзақтағы 3 сағат 35 минут. Шамалы адамның уақыты да жетпеуі мүмкін. Ең күрделі жобалардың бірі болды. Себебі әлемдік фильм.

 

Бас антогонистті орыс тілінде дыбыстауға бірнеше танымал актрисалар бақ сынаған екен. Асель Қалиева да іріктеуге қатысқандардың бірі. Бірақ Дисней Гульнара Сильбаеваның дауысын лайық деп таныған. Ал қазақша дыбыстау Аида Мырзабаева бұйырған екен.

Аида Мырзабаева, дубляж актрисасы:

Көп актрисалар қатысқан екен осы жолы. Варанг өзі үлкен дауысы сондай төмен дауысты шығады да, бір қарасаң үлкен әйелдің, бір қарасаң жас қыздың дауысын шығарады. Кейіпкерімнің өзі адам болмағаннан кейін түрлі дауыстар шығарады. Мен үшін жаңа қырымнан танылуға көмектесті.

 

2022 жылы «Аватар су жолы» фильмі қазақ тіліне дыбысталған еді. Сол уақытта Мәдениет және спорт министрлігі ана тілімізде дубляждалған нұсқасының кассалық табысы 71 миллион теңгені құрағанын хабарлаған. Бұл жолы нәтиже жақсы жағынан жаңарады деп сенеміз.

Шах-Мұрат Ордабаев, дыбыс режиссері:

Жалпы қазақ тілінде дыбысталған жобалар ішінде үзілмей келе жатқан «Аватар 1», «Аватар 2», енді міне мынау үшіншісі. Тізбек әлі үзілген жоқ. «Өрмекші адам» бар еді. Ол үзіліп қалды. Галактика сақшылары болды. Ол үзілді. Былайынша айтқанда қалыптастырып жатқан дәстүріміз. Осы дәстүрден айырылмасақ екен деймін.

 

Аватардың бұл бөлімі қызыққа толы. Джейк Салли мен балалары Варанг бастаған Нави тайпасына төтеп беру тиіс. Оқиға қалай жалғасатының білгіңіз келсе, кинотеатрға асығыңыз.

Ayau, музыкант:

Санамда ерекше әсер қалдырып кетті мен сияқты ұзын адамдар... Қызық жалпы, оқиғасы қызық.

Тимур Балымбетов, журналист:

Мен үшін бұл құбылыс жүрегімде ерекше орын алатын нарсе. Тек қынжылтатыны фильмдердің аз шығатыны. Жақсы көрем барам көрем қолдайм және барлық фильмдекр қазақша шығуы керек дегшегн ойдамын.