Сүйінші! Жақында 2-бөлімі көрерменге жол тартқан «Мошенники» сериал енді көршілес мемлекеттерде де көрсетілмек.
Олжас Нұрбай, режиссер:
– Мысалы, Ресейдің старт деген ең мықты платформаларының бірі, бірден «Мошенникиді» көрмей жатып, бірден «Мошенники 2» сатып алды. Енді біздің сериалда ресми түрде халықаралық деңгейге шығып жатыр.
Танымал франшиза енді үлкен экранға жол тартпақ. Күні кеше шығармашылық ұжым толықметрдің түсірілімін аяқтады. Айтпақшы, фильм де алыс-жақын шетелдерде де прокатқа шығуы бек мүмкін...
Рүстем Омаров, идея авторы, актер:
– Ресейде, Өзбекстанда және Қырғызстанда шығады.
Рүстем Омаров осылай деп қысқа қайырғанымен режиссер Олжас Нұрбай мән-жайды толығымен тарқатты. Жобаны халықаралық деңгейге шығарамыз. «Бұл қадам киноиндустрияны танытып қана қоймай, ел экономикасын дамытуға, туризм әлеуетін жақсартуға сеп тигізеді»,- дейді.
Олжас Нұрбай, режиссер:
– «Мошенники» киносы бүкіл ТМД бойынша ауқымды прокатқа шығады. Шектеу жоқ, бүкіл кинотеатрларға шығады. Бұл үлкен жетістік. Оңай емес дүние.
Идея авторлары кастқа шетелдік танымалдарды шақырмаған. Есесіне шығармашылық ұжым білікті актер Ержан Түсіповпен толыққан.
Рүстем Омаров, идея авторы, актер:
– Шетелден ешкім келген жоқ. Бәрі өзіміз, өзіміз отырып шәй ішіп жаздық. Сериалда жаңа жас актерлер болады. Халық үнемі қайталанатын актерлер деген соң, басқа аактерлер алдық.
Мамандар жаңа есімді ұзақ іздеді. Кастиинг жариялап, арнайы іріктеу өткізді. 6000 үміткердің ішінен Мұхамеджан Мамаев таңдалды. Қызығы, ендігі кино актер мамандығы бойынша заңгер екен.
Мұхамеджан Мамаев, актер:
– Дамир деген персонажды білетін болсаңыз, сол кісінің оң қолы ол мен. Бірінші саусым көрсеңіз, Мақсат деген болды, былай қарасаң сол кейіпкермен ұқсастығы бар деп есептеуге болады.
мошенники сериалының да толықметрінің де желісі күтпеген оқиғаларға толы. Бұл жолы қылмыскерлер мемлекеттік деңгейдегі алаяқтықты қолға алған. Арбау схемалары іске аса ма? Бірге білейік.
Ильхан Исхакбаев, сценарий авторы:
– Екінші бөлімде жасанды интеллектке қатысты да кейстерді қарастырдық. Өздеріңіз білетіндей, қазір алаяқтар танымалдардың бет-бейнесін пайдаланып, құйтұрқы әрекеттерін іске асыруда. Осындай роликтердің қалай жасалатынын және алданбаудың жолдарын көрсетеміз.