МузАРТ-қа 25 жыл. Аты аңызға айналған топ туралы мюзикл ұсынылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Арайлым Сауытбек, тілші:

Өзіндік қолтаңбасын қазақ эстрадасында қалыптастырған МузАРТ тобының сахналық ғұмыры енді театр тілінде сөйлейді. Ән мен драматургияны тоғыстырған туындының ерекшелігі неде, бірге білейік.

 

Алғаш Мейрамбек Беспаев пен Мақсат Базарбаев дуэт болып, кейін топқа Сәкен Майғазиев қосылады. Осылайша, 2001 жылдың сәуір айында МузАрт трио болып, толық құрам жасақталады.

 

Қойылым топ мүшелерінің танысу сәтінен басталады. Жанды дауыста орындалған әндер мен қойылымның басынан-аяқ ансамбльдің сүйемелденуі режиссердің ұтымды шешімдерінің бірі болған.

Әли Бидахмет, қоюшы-режиссер:

Бұл спектакльде өзінің есімімен сақталған ол төрт ақ адам. Мейрамбек аға, Сәкен аға, Мақсат аға, Кежебек аға. Қалған кейіпкердің барлығы автор-драмматургтың ойымен қосылған. Кейбір тұсын көркемдедік, ойдан құралған жері бар.

 

Театр актерлері әншілердің дауысын, сөйлеу мәнерін айнытпай жеткізу үшін, арнайы вокалдан сабақ алған. Алғашқы премьерада қонақ болған МузАрт тобы өзі, театр әртістерінің ойынына жоғары баға беріп, жастық шаққа барып келгендей күйде болдық деп жылы лебіздерін білдірген.

 

Шерхан Саматұлы, актер, М. Базарбаев рөлінде:

«Жарайсың, бірақ топтан бекер кеттің!» - деді. Бірінші айтқан сөзі. Сөйтіп бала сияқты тағы күтіп тұрасың ғой, не айтады екен десем. Сосын: мына жан сақалың сәл қысқа болып қапты, келесі жолы сәл ұзынырақ қыл, дейді.

Темір-Сұлтан Мейірбек, актер, М. Беспаев рөлінде:

Оңаша көркемдетілген түрде мен кішкене ауырып шығып кетемін сахнадан. Мейрамбек аға өтініш жасап, «мен кезінде сахнадан құлап түскенмін, Сәкен ұстап қалған тура солай жасаңдаршы» - деді.

 

Сәкен Майғазиев театр актерлеріне костюмын беріп, сағатын тарту етсе, ал Кенжебек Жанәбілов өзін сомдаған актердің реквизиті тамбурингке қызығушылық танытқан екен.

Досымжан Арқабек, актер, К. Жанәбілов рөлінде:

Кенжебек ағаға менің шылдырмағым ұнап қалыпты. Қаййдан алғанымды сұрады, мен ойлағанмын ғой әзілдеп жатыр екен деп, күліп жібердім. Дәл менікіндей таппай жүргенін айтты.

 

Идея авторының айтуынша, бастапқыда Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов образына актерлерді табу қиынға соққан. Арнайы кастинг өткізіліп, нәтижесінде осы театр актерлері таңдалған.


 

Мерей Маханов, идея авторы:

Бұйыртса, мұның жалғасы енді кино болады. Қазір сценарий жазу барысындамыз. Дайындық барысында, қалай болады оны сіздермен міндетті түрде бөлісетін боламыз.

Индира Құлмағанбетова, актриса:

Мен бүгін кәдімгідей демалдым, МузАрттың тарихын таныдым. Екі сағат жетпей қалды маған.

Әбілмансұр Серіков, актер:

Жалпы енді осы Музарт тобының қалай құрылғанын көбісі біле бермейтін шығар, сахналанған түрін көрген мүлде басқаша екен.

Жанель Серғазина, актриса

Тура енді ағаларымызды айнытпай салды. Дауыстарына дейін, енді өнерлеріне тәнті болдым.

Мақсат Рахмет, актер:

Тамаша спектакль дүниеге келді, енді осы киноға сұранып-ақ тұрған сценарий сияқты. МузАрттың 25 жылдығында. Жындының сандырағы келеді, айта берейін, болып кетер.

 

Алматыда сахналанған қойылымның басты қонағы Мейрамбек Беспаевтің ұстазы Алтынбек Қоразбаев болды. Спектакль аяқталған соң өнер иесі сахнаға шығып, шығармашылық ұжымға алғысын білдірді.