Баян Мақсатқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, продюссер:
– 5 жыл бойы ол оның арқасына пышақ сұғып, бетіне қарап күліп жүрді. Бағым, Боголя! Оның асын ішіп, бешбармағын жеді, үйін паналады. Тіпті оның үйіне тұрақты тіркеліп те алды. Жылдар бойы сыртынан пышақ сұғып келді...
Баян Мақсатқызы осындай мәлімдеме жасап көптің көңіліне күдік ұялатты. Әпкеме сатқындық жасады деп тұспалдап айтқанымен, араларында нақты қандай жайт болғанын тарқатпады. Алайда оқырман өздігінше пайымдап, түрлі қауесет таратуда.
Араларындағы жанжалдың себебі бізге беймәлім. Сондықтан дөп басып айта алмаймыз. Десе де оқырман арасында осындай қаңқу әңгімек таралуда. Алайда БаянМақсатқызының сөзіне сүйенер болсақ, бұл жайт Бағым Мұхитдиноаның денсаулығына кері әсер еткен екен.
Баян Мақсатқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, продюссер:
– Менің білуімше, бұл жараның сыздағаны әлі күнге дейін басылған жоқ. Оның емделіп жүргеніне міне, 15 жылдың жүзі болды. Жақында бірге Тұркияға барып қайттық, ол жақтанда оған дәрілер жазып берді. Бұдан әрі ештеңе айтқым келмейді, себебі бұл менің өмірім емес.
Бағым Мақсатқызынан даудың себебін сұрауға батпадық. Бірақ денсаулығы жайлы ақпардың рас-өтірігін нақтыладық. Қазіргі хал ахуалы жайлы да білуді жөн көрдік.
– Айтарыңыз бар ма? Қазір өзіңізді қалай сезінесіз, ішкі джай күйіңіз?
Бағым Мақсатқызы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, музыкалық продюсер:
– Мына сұраққа жауап беруге құлқылы емеспін. Себебі, Баян Мақсатқызының айтқан сөзі рас. Мен өзімнің көптен бері емделіп жүргенімді айтқым келмейді. Мені емдеп шығады деген сенімдемін. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін. Бірақ бұл сұрақ маған ұнамады. Әрі қарай жауап бергім келмейді.
Қалауынан аса алмадық. Сауығып кетуіңізге тілектеспіз, Бағым ханым.
Автор: Д. Қыдырбек