Шерхан Пірназар командасына қаржы тауып бере алмай отыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шерхан Пірназар осы уақытқа дейін қаншама мықты кейіпкерді сомдап, танымал образдарымен есте қалса да, ойындағы рөлін таппағандай. Содан болар, бүгінде өзі фильм таспалауда. Осы арқылы «ішкі ізденісіме нүкте қоятын шығармын»,-дейді.

Шерхан Пірназар, актер:

«Жарығым-ай» киносында мен өзімді бір басқа қырымнан көріп жастырмын, қамшылап жатырмын. Әзірге аяқ алыс жаман емес, жақсы. Осы Берік кейіпкері осы уақытқа дейінгі рөлдерге мүлдем ұқсамайды.

Шерхан көрерменді күлдіруден гөрі, жылату оңай болар деп пайымдаса керек. Айтпақшы, алғашқы туындысы драма жанрында болмақ.

 

Айжан Жұмабек, Ш.Пірназардың жары, кинопродюсер:

Режиссеріміз - Сержан Серікбаев сценарийді өзі жазды. Негізі сценарийді өзі жазып, өзі түсіргені мен үшін өте қатты қуанышты жағдай болды да. Өйткені өзі жазған дүниені жақсы түсіреді деп ойлаймын режиссер. Сондықтан үлкен сенім артып отырмыз енді.


 

Шығармашылық топ жобаға 1 жыл дайындалған. Оның 3 айы сценарийге, ал 5 айы зерттеуге кеткен.

Сержан Серікбаев, режиссер:

Негізгі оқиға өмірден алынған. Өзімнің досымның басынан өткен оқиға, сол себепті де шынайы оқиға болатынына сенемін.

Айжан ханым актерлік құрамды мұқият іріктеген. Әдетте өз кейіпкерінің салмағына қарай фильм таңдайтын Данагүл ханым, бұл жобада бой көрсетпек. Тіпті, жұбайы Азат Сейітметов екеуі бірден келісім берген көрінеді.

Данагүл Темірсұлтанова, актриса:

Бірінші олар Азат ағаңмен сөйлесті. Шерханның өзі, Азат ағаң келісті. Мен ол кезде білмеймін. Маған Азат ағаң келіскеннен кейін, Айжанның өзі маған хабарласты. Әрине біз жастар болғандықтан, әріптестеріміз болғандықтан басқа сьемкалардан тыс жерде осы жерде түсіп жатырмыз.


 

Десе де, кино түсірудің машақаты көп екенін Шерхан мырза жақсы түсінеді. Алғашында қаржы тапшылығ болған. Айта кетейік, қазір таспаланып жатқан лентаның бюджеті 150 миллион теңге.

Шерхан Пірназар, актер:

Нақты түсіресіздер ма фильмді, әлде біз басқа жоба ала берейік пе? - деген сияқты сұрақтармен осы жердегі балалардың бәрі мазалады. Өйткені, енді әрқайсысы отбасыларын асырап отырған ер азаматтар мен азаматшалар ғой. Сол себепті, осы жағынан бізге кішкене уайым болды.

Нарықтағы әріптестермен бәсекеге түсу де үлкен жауапкершілікке айналған. Сол қорқыныштан ба, «арасында кинопродюсер екенімді ұмытып кете беремін»,- дейді Айжан ханым.

Айжан Жұмабек, Ш.Пірназардың жары, кинопродюсер:

Енді кадрға дейін араласып кету қиын екен. Бірақ енді режиссердан сұрап ааламын. Негізі режиссерға кедергі жасауға болмайды ғой, бірақ енді кейде бір моменттерді көрмей қала ма деп уайымдайсың ғой.

 

Авторлар әзірге оқиға желісін толық ашып айтпады. Осыған дейін өзге әріптестерінің киносына түсіп, кассада миллиард жинап жүрген Шерхан мырзаның күзде шығатын туындысына сәттілік тілейміз.

Сержан Серікбаев, режиссер:

Жоқ, бұл жақта қатты экшен сахналар жоқ. Бұл енді драма болғаннан кейін барынша эмоцияға күш салдық. Режиссер қазіргі кезде келсе де, келмесе де төбелес қоса беретін бір сондай болды ғой біздің нарықта. Жоқ, біздің фильмде экшен сахналар жоқ. Бірақ одан өткен эмоциялар бар.

 

Автор: А. Сауытбек