UMAY! Алуа Қонарова су жаңа girls band-інің тұсауын кесті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алуа Қонарова камбэк жариялады! Ринго, Рензо, Аюми сынды топтарды танытқан продюсер бұл жолы су жаңа герлзбендтің жұлдызын жақпақ. Ендеше таныс болыңыздар, шоу-биз әлеміне Ұмай қадам басты.

Алуа Қонарова, продюсер:

Мыңнан астам өтінім келіп түскен еді. Біз 200 адамды іріктеп, оффлайн кастинге шақырдық. Осы 200 қыздың арасынан үздік бестікті анықтау оңайға соқпады. Бас-аяғы 3 ай бойы таңдадық.

 

Сонымен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар деп танылған үздік 5 солиспен таныс болыңыздар. Ақнұр, Сабина, Бибімариям, Еркежан, Адель.

 

Алуа Қонарова күні кеше селебритилердің басын қосып, су жаңа герлз бендінің тұсауын кесті. Шоу-биз әлемінің саңлақтары қыздардың аяқ алысын жоғары бағалады.

Алуа Қонарова, продюсер:

Негізгі бағытымыз R&B және хип-хоп. Бірақ түрлі жанрда бақ сынап, эксперимент жасап көреміз. Қазақ музыкасымен, ұлттық аспаптарымызды да ұтымды пайдаланып, жақсы тректер ұсынбақпыз.

 

Топ мемберлері бұл күнге ұзақ әрі тыңғылықты дайындалған. Алуа Қонарова қыздарды сахнаға шығармас бұрын 7 ай бойы отқа да суға салдым дейді.

Еркежан Рахимова, UMAY тобының солисі:

Ішімде қазір үлкен жауапкершілікті сезініп тұрмын. Бірінші рет дебют атанып, сахнаға шығатын күніміз, сол сәтті абыроймен өтсек деген оймен жүрміін.

Сабина Жеңісханова, UMAY тобының солисі:

Бізде Алуа ханым дисциплинаға қарайды. Бізде вокал, содан соң 3-4 сағат би сабақтары болады. Сондай графикпен жұмыс істеп жатырмыз.

 

Алуа ханымның қыздарға қояр талабы да жоғары. Барлығын дауыстап қана қоймай, келісімшартқа да енгізген екен.

Ақнұр Сатыбалды, UMAY тобының солисі:

Әр әртіске қойылатын талаптар бар. Тұрмысқа шығуға болмайды. Тыйым салынған заттарды қолдануға болмайды.

Сабина Жеңісханова, UMAY тобының солисі:

Әрине қоғамдық орында өзімізді ұстау туралы ережелер бар. Қоғамға жат дүниелерді жасамауға, мысалы түңгі клуб сияқты дүниелерді, яғни оларға баруға тыйым салынған.

 

Тыңдарманды фонограммамен алдайтын заман өткен. Мұны продюсерлер жақсы біледі. Оның үстіне бір сәтсіз перформанс топтың беделіне нұқсан келтіретінін де кейінгі жайттар айқын дәлелдеді. Сондықтан қыздардың вокалдық қабілетін жақсарту үшін күнделікті дайындаймыз дейді

Таныстыру кешінде су жаңа бейнебаяндарын көрсетіп, көпті тәнті етті. Queen трегіне түсірілген клиптің режиссері білікті маман Валерий Задарновский мен Батыр Байназаров.

Батыр Байназаров, RINGO тобының солисі, музыкант, режиссер:

Бейнебаяндары біздің стилінде. Өте сапалы, күшті түсірілген, харизмасы бар, энергетикасы бар деп үміттенем. Көбіне біздің халқымыздың, тыңдарманның көңілінен шығады деп үміттенемін.

Тимур Балымбетов, продюсер:

Өте керемет кеш, біз pld school боп көптен жиналмағанбыз. Алуа ханымның оралғаны және жоба құрғаны шоу-бизге сілкініс болады деп ойлаймын

Али Оқапов, музыкант:

Алуа ханым барлығын сапалы жасайды, Қазіргі таңда топтар көп. Демек бәскелес болады. Нарықта қандай сұраныс болатынын уақыт көрсетер. Бірақ, шанстары үлкен.

 

Автор: Д. Қыдырбек