Бірнеше жыл бұрын Сабиркин шығармашылық жолын әлеуметтік желіге вайн жүктеумен бастаған еді. Ал кейін танымалдылығы артқан соң ауқымды шаралардың жүргізуді қолға алып, стендап әлеміне де аяқ басып үлгерді. Айта кетейік, әзіліне үнемі көпбалалы ананың жағдайын арқау ететін, Сабира Жарасқызы бүгінде 4 бүлдіршінді тәрбиелеп отыр.
– Тағы да бөпе сүйгіңіз келе ме?
– Қазір емес. Өйткені кішкентайым әлі 2 жарым жаста енді. 4 бала енді оңай емес. Оларды жетілдіру керек, жеткізу керек дегендей. Сол үшін қазір демалыс менде.
Сабиркиннің бұлай деуінің үлкен себебі де бар. Нақтырақ айтсақ:
Sabirkin, стендапер, блогер:
– Үлкен жеке стендап кешін өткізгім келеді. Қазір жоспарда бар. Дайындалып жатырмыз. Дайындық үстіндеміз. Сол үшін алдағы уақытта жаңалықтарды естіп қаларсыздар.
– Шамамен қай уақытта?
– Енді менің ойымша осы жаздың соңғы айларында бәлкім. Үлгермей жатсақ күзге қалдырамыз. Өйткені, менің өзімнің де басқа жобаларым бар. Соның уақытына ыңғайлаймыз енді.
Сабира Алматы қаласында стендап кешін өткізген соң, Қазақстанды аралап концерт беруге де ниетті. Танымал ару әзірге кешінің атауын қоюға асықпайды. Себебі, қазіргі таңда бар назары материалында. Стендап кеште қозғалатын тақырыптарға келсек:
Sabirkin, стендапер, блогер:
– Микс болады деп айтайыншы. Өйткені, тек қана отбасылық тақырыптар емес. Әрдайым айтамын ғой «В душе ребенок!» - деп. Сол үшін өзімнің ішкі балалығымдағы ойларымның барлығын айтып өтемін деп ойлаймын.
Иә, бүгінде Сабиркин өзін стендап шебері ретінде шыңдауда. Алға қойған жоспарлары да жетерлік. Дегенмен де көпбалалы ана төртінші сәбиімен шектеліп қалғысы келмейтінін мойындады.
Sabirkin, стендапер, блогер:
– Бірақ негізі өзім бір 6-7 бала-шаға қалаймын.
– Қыз я ұл?
– Кім болса да дені сау болсын. Бірақ, негізі Дариямның сіңлілері болса екен деп қалаймын, өзі де сұрады енді қатты.
– Аттарын ойластырып қойған жоқсыз ба?
– Ойластырып қойдық. Жоқ жоқ қазір айтпаймын.
Автор: Ш. Құсаинова