Сүйінші! Әлемге танымал Cirque du Soleil Алматыда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Киллиан Монже, Cirque du Soleil әртісі (Франция)

Қойылымның идеясына келсек, шоудың авторы - бразилиялық хореограф Deborah Colker. Оның ойынша, адам джунгли табиғатына барып, тасты көтерген сәтте біздің сахналық әлеміміз ашылғандай әсер алады. Сахнада біз жәндіктер колониясын бейнелейміз. Нақтырақ айтсақ, 13 шегірткеден құралған топпыз.

 

«Ovo» «жұмыртқа» деген мағынаны білдіреді. Дәл осы жұмбақ жұмыртқаның пайда болуы жәндіктер әлеміндегі басты оқиғаға айналып, оның тұрғындары арасындағы махаббат хикаясын көрсетеді. Сахнадағы 52 әртіст шегіртке, көбелек, ара сынды жәндіктерге жан бітіргендей әсер қалдырады. Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өткен қойылым көрерменді ертегі әлеміне сапар шектіреді.

Светлана Делоус, Cirque du Soleil әртісі (Канада)

Мен Cirque du Soleil-ге келгенге дейін қабырғаға өрмелеп көрмегенмін. Сосын: «Жарайды, байқап көремін», – дедім. Олар мені жаттықтырды, сөйтіп қабырғаға өрмелеуді үйрендім. Сондықтан жаттықтырушының нұсқауларын қабылдай білу, жаңа нәрсені үйренуге ашық болу маңызды.

 

Сахнадағы шоуды көретін көрермен, көбіне cахна сыртындағы шудан бейхабар. Ал кеше БАҚ өкілдері артистердің дайындығын көру мүмкіндігіне ие болды. Медиа мамандар премьера алдында техникалық жасақ пен акробаттардың, костюмерлер мен музыканттардың жұмысымен танысты.

Анар Жаншина, ұйымдастырушы:

100-ден астам артистер келді. Осы шоу өзімен бірге 800-ден астам костюм элементтерін алып келді. 5 кір жуатын машина, гардероб жөндейтін адамдарын да бірге алып келді. Үлкен бір команда сол шоумен бірге келді. Қазақстанда бұл цирк саласындағы ең үлкен шоу деп ойлаймын. Осындай деңгейде, иә.

 

Танымал ұжымда әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ең мықты мамандар өнер көрсетеді. Бұл олардың Қазақстанға ат басын алғаш бұруы.

Киллиан Монже, Cirque du Soleil әртісі (Франция)

Біз Қазақстанға шамамен екі апта бұрын келдік. Алдымен Астанаға бардық, шынымды айтсам, бұл мен күткеннен де керемет әсер сыйлады. Астананың келбеті мені қатты таңғалдырды. Ал сейсенбі күні Алматыға келіп, тауға экскурсия жасау бақыты бұйырды. Өте әдемі. Біз ең биік нүктесіне дейін көтеріліп, айналаның бәрін тамашаладық.

 

Қазақстандағы гастрольдер аясында OVO шоуының 200-ден астам билеті әлеуметтік мекемелердегі балаларға, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне және ерекше қажеттіліктері бар бүлдіршіндерге табысталды. Осы бастаманың арқасында жас көрермендер әлемге әйгілі Cirque du Soleil шоуын тегін тамашалап, халықаралық мәдени оқиғаның бір бөлігіне айналды.

Мұрат Мұтырғанов, цирк әртісі:

Cirque du Soleil бұл бренд. Және оның Қазақстанға келгені қуантады. Себебі олар кез-келген елге бара бермйетінін айта кету керек. Бұл цирктің вртықшылығы – цирк, шоу, спорт, жанды музыканы біріктіріп тұтас қойлымға айналдыра алуында. Тамаша шоу. көргеніме қуаныштымын.

 

Автор: Д. Қыдырбек