Актриса Индира Құлмағамбетова алғашқы продюсерлік жобасының тұсауын кесті!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Сізді сүйем...» Осылай деп аталатын музыкалық драма қарым-қатынастағы шынайы сезім мен жалған байланыс, тәуелділік пен жалғыздықты баяндайды.

 

Индира Құлмағамбетова, жоба продюсері, актриса:

Отбасылық құндылықтар, қазіргі кезде мынау жаңағы, абьюзер деп айтады ғой, қол көтеруі ер адамның деген актуалды тақырыпты қозғағымыз келді. отбасылық құндылықтар туралы айтқымыз келді.


Индира ауқымды жобаны қолға алғанда көпшілік күмәнмен қарағаны жасырын емес. Себебі тұтас қойылымды сахналау – үлкен қаржыны талап етеді. Бірақ танымал арудың қауесеттерге айтар өз жауабы бар. Қаржыландырған азаматтар – жүрегімді жаулауға үмітті серілер емес, іскерлік қарым-қатынасты көздеген кәсіпкерлер дейді актриса.

Индира Құлмағамбетова, жоба продюсері, актриса:

Енді бәрінің ойы сондай болып жатыр ғой, қалай Индира Almaty theatre сахнасында осындай спектакль қойып жатыр, деген сияқты, жаман ойлар да кетіп жатқан шығар, жоқ ешқандай бір «жүрегімді жаулайыншы!» - деген сері емес. Иә, әрине іскерлік қарым-қатынас, жұмыс...

 

Спектакльде махаббат пен сатқындық, қорқыныш пен үміт қатар өріліп, махаббаттың тек сезім емес, жауапкершілік пен ауыр таңдау екенін көрсетеді. Таңдаудың зардабын анық көрсететін осынау қойылымның режиссері – ҚР еңбек сіңірген қайраткері - Алма Какишева. Қолғанат Мұраттың пьесасын сахналау біраздан мақсат болған дейді.

Алма Кәкішева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, қоюшы-режиссер:

Мен өзім жалпы Қолғанаттың шығармашылығын ұнатамын, өте бір сондай тұңғиық адам, айтары көп бірақ, онша көп сыртқа шығара бермейтін, ішінде бір тектілік бар. Сол маған ұнады, сонан кейін екеуміздің ойымыз бір жерден түсті негізі, олда осы идеяны қолдай кетті, одан кейін менің компазиторым -Әсел Омарова өзім имендетіп алғанмын, бүкіл спектакліме осы қызға музыканы жаздырамын, өте талантты қыз. Дайындық кезіндегі оқылымда осы «Алматының алмасы» деген ән туды.

 

Индираның әншілік қабілетін көрермен біле бермейді. Алайда музыкалық драмада әсем дауысымен біраз жанкүйердің жүрегіне жол тапқандай

 

Индира жоба продюсері болғаныммен, көрпені өзіме тартуды мақсат етпедім дейді. Сондықтан шығарманы өзіне икемдеу басты талап болмаса керек. Көрерменге берері бар спектакль сахналуды қаладым деп түйіндеді.

Индира Құлмағамбетова, актриса:

Мен қостым, жаңағы спектакльдің ең соңғы кезі, ең соңғы сахна, «ішімде бір от жанып тұр, жанымды күйдіріп жеп барады» - деген, жаңағы «күйдірді, батырды, тірісің бе деп те сұрамады» - деген ол жаңағы менің ішкі ойым, айтқым келген. Сол монологты қостым.


Шығармашылық ұжым бұл қойылымды қазақ театр өнерінің мастері, педагог, профессор, Қазақстанның Халық артисі - Есмұхан Обаевтың рухына арнаған. Осы арқылы ұстазға деген құрметіміз бен рухани тағзымымызды көрсеткіміз келді дейді.

 

Автор: Д. Қыдырбек