Қазына Әбідғапбар, @kazyna_abdigapbar:
Рауан Ахмедов өзін алғаш рет комедиялық драмада сынап көрді. Актер әдеттегідей тағдыры ауыр, кедей отбасыдан шыққан жігітті емес, керісінше бай баласын сомдайды. Ахмедов тіпті осы рөлім арқылы алғаш рет түсірілім алаңында дені дұрыс киім кидім деп ағынан жарылды. Алайда мажор болғанның да өз кемшіліктері бар.
Режиссер әрі сценарист Нұржан Еркінұлының «Арамызда Стамбул» картинасы Түркияда таспаланған. Басты рөлде - Рауан Ахмедов. Драмада қилы тағдырлы кейіпкерлерді сомдауға еті үйренген актер, бұл фильмде неше түрлі брендтің киімдерін кигенін айтып қалды. Ахмедов толықметрдің арнайы көрсетіліміне де дизайнерлік костюмде келді.
– Образыңыз керемет. Арнайы дайындалған сияқтысыз?
Рауан Ахмедов, актер:
– Иә, менің досым бар, сол досым жасап берді маған. Оған дейін мен жыртық-жыртық киімдерде жүрдім, ең алғашқы картинам осы байдың образын сомдаған.
«Маған көрерменді күлдіру қиынға соқты»,- дейді Ахмедов. Актер мансабындағы алғашқы комедия жанрына түсемін деп тіпті режиссердан сөз де естіген.
Рауан Ахмедов, актер:
– Қиындықтар болды расына келген кезде, басында бірінші сменада режиссер мырза Нұржан Еркінұлы. Сол кісі келіп «Рауан сен өте жинақы болып тұрсың, бұл комедия, бұл комедия» деп еске салып отырды.
Ахмедовтың фильмдегі ғашығын актриса Аружан Тимурқызы сомдайды. Бұл актрисаның алғашқы үлкен жобасы.
Аружан Тимурқызы, актриса:
– Ең үлкен бірінші жобам. Шетелде бірінші рет болған жоқпын, бірақ Ыстамбұлда алғаш рет болдым. Өте әдемі өте романтикалық қала екен.
Түрік еліне алғаш сапарлатқандар қатарында әнші әрі актер Айбек Жағыпар да бар. Бүгінде серінің «Бауырларым» трегі хитке айналған.
Айбек Жағыпар, әнші, актер:
– Жалпы шетелге бірінші рет шықтым ғой ше білесіз ба. Мен бишара жүре беріппін Қазақстанда.
– Бауырларым әні өте жақсы қаралымға ие болып жатыр, тикокта түсірілімдер көп ия, санап көрдіңіз ба?
– Өте көп, қазір мен шатасып қаламын. Әнді сыйлаған Ильхан.
Актерлық құрамда ерекше көзге түскендердің тағы бірі - Damelya Sweet. Блогер әрі инфлюьсенсер кино кеңістікке толық ден қоя алмай жүрген көрінеді. Оған себеп:
– Өте жиі түспейсіз, сирек түсесіз неге?
Damelya Sweet, актриса, блогер:
– Уақыт көп кетеді түсіруге. Негізі толықметрге түсуге бірнеше аптадай кетеді. Сол себептен ұсыныс келсе, көп ойланамын. Ең бастысы сценарий күшті болсын мені жақсы жағынан көрсететін болса барамын, антигеройды ойнамаймын мен.
Оқиға Түркияда қызметте жүрген бай баласының Қазақстаннан келген қызбен танысуынан басталады. Алайда бикеш әкесінің ерке ұлдарын жақтырмайтын болып шығады. Сондықтан Ахмедов сүйіктісіне «мен кедей отбасынанмын» деп алдауға тура келді.
– Инстаграмнан байқап қалдық түріктің актерларының сериал түсіріп жатқан түсірілім алаңына бардыңыздар ма арнайы?
Аружан Тимурқызы, актриса:
– Ахмед бей бізді Бурак Озчивитке түсірілім алаңына апарды. «Осман империясының» жаңа маусымы түсіріліп жатыр екен. Таныстық, қай жерден деп сұрады. Әңгімелестік.
Фильмнің жабық көрсетілімінде Түркияның танымал әншісі Мурат Япырак та бой көрсетті.
– Мурат мырза, қош келдіңіз. Сізді Алматыда көп көреміз, көшіп келдіңіз ба жалпы Алматыға?
Murat Yapyrak, әнші \Түркия\
– Қазақстанға өзімнің туған өлкем сияқты қуана келемін, Алматы маған қатты ұнайды. Қазақтар өте кеңпейіл халық.