«Енді абьюзерді ойнағым келмейді!» Актер Қуаныш Құдайберген антагонист рөлдерден бас тарта ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ол жағымсыз кейіпкерлерді сендіріп ойнайды. Қанішер, баскесер, тіпті абьюзерді де. Көпшілікке антагонист образдармен танылған актер Қуаныш Құдайберген енді бұл бағытта көрінгісі келмейді. Оған себеп, «НТК» арнасы ұсынған «Шыда» телехикаясындағы Архаттың өте көп хейтке ұшырауы дейді өнерпаз. Десе де, аталмыш сериал көрермен көңілінен шығып, келесі маусымына дайындық басталып та кеткен.

Қуаныш Құдайберген, актер:

– Биылдыққа өзіме пауза қойдым. Сондай антагонист рөлдерден. Енді көбісі бірақ айтайын қазір 70 60% көрермендердің біразы керісінше актерлік қырымды мақтап, соны көбірек айтады. Қалған енді 30-40% бәрібір сол сериалға қатты кіріп, жүрегіне қатты қабылдап қойғаннан кейін сондай хейттар жазған шығар деп ойлайм.

 

Картиналарда агрессиялық тұстарды еркін көрсететін Қуаныш бұл қасиеттерді бойына сіңіруге тырыспаса да, кейде ондай жағдайлар орын алатынын жасырып қалмады:

Қуаныш Құдайберген, актер:

– Осы абьюзердің рөлінен кейін өмірде сондай бір қылықтарды өзіңіге енгізіп алмадыңыз ба?

– Әйелімнен сұрау керек. Абьюзердің өзіне байқалмайды ғой... Жоқ, енді мен дәл осы рөлден кейін сол рөлден маған жұғып қалды деп айтудан аулақпын. Қазір мінсізбін десем, өтірік болып қалады.
 

 

Теріс пікірден кейін біраз депрессияға түскен актер көрермен ұмытқанша жағымсыз кейіпкерлерден бойын аулақ ұстауды жөн көрген. Десе де, осы жылға соңғы рет «Шыда» сериалының 2-бөліміне түсіп, әзіре антагонист образының нүктесін қоймақ.

Қуаныш Құдайберген, актер:

Енді «Шыда-2» - де қандай қызықтар дайындап жатсыз бізге? Ол жақта енді образыңыз одан сайын асқына түсетін сияқты?

– Іштей дайындалып жатырмыз. Қалай жасауға болады, не істеуге болады. Енді 2-бөлімі біріншісіне қарағанда одан да мықты болып шығуы керек. Соған жұмыс істейміз.

– Хейттің екінші толқынына қаншалықты дайынсыз?

Толықтай дайынмын. Хейт қанша 3 толқын болсын, 4 толқын болсын. Енді көрермендерді солай-солай үйретеміз. Мен енді өзім осы «Шыда» шыққаннан бастап, әлеуметтік желіде барынша агрессивті бағытты алып тастаймын да, тек қана көңілді контенттер жүргізуге тырысамын. Өйткені, мені іздеп тик-тогыма кірген көрермен: «Мынау ондай жігіт емес екен», - деген кішкене сондай әсер қалдырғым келеді.