ТМД-ға танымал Миша Марвиннің соло кешіне келген тыңдарман сүйіктісіне сөз салды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кезекті әннен кейін Миша әңгімесін махаббат жайлы бастап, көпшілік арасынан ортаға бір жігіті шақырды. Сахнаға шыққан ер азамат сүйіктісіне сезімін білдіріп, жүзігін ұсынды. Бұл сәт көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, кейбірінің көзіне жас үйірді.
Миша Марвин, музыкант:

– Ол «иә» деген жауап айтты.

– Бұл сондай жүректі елжірететін сәт. Адамдарға осындай эмоция сыйлай алатынымызға қуаныштымыз.
Ұсыныс жасайтыным туралы алдын-ала менеджермен келістік. Және маған сахнаға шығып, сүйіктіме сөз салуыма рұқсат берді.
Шынымды айтсам, өте қатты таңқалып тұрмын. Мені тек концерт көруге шақырған. Бақыттымын.

 

Музыканттың айтуынша мұндай жағдай концерттерінде жиі орын алады екен. Талай жұптың басын қосып жүрген өнерпаз өз сүйіктісіне қашан ұсыныс жасамақ?
Миша Марвин, музыкант:

Менің сүйіктім әлі маған жолықпады. Мен оны іздемеймін. Тағдыр біздің басымызды қосатынына сенемін. Және мен де барлық жігіттер секілді отбасын құруды қатты күтемін.

Өміріңіздің сәнін келтіріп, музаңыз болатын жанды тапқанда эксклюзивті мәлімдеме күтеміз ендеше. Ал әзірге тыңдарманды қандай жаңалықпен қуантпақсыз?
Миша Марвин, музыкант:

– Келесі жылы ТМД елдерін аралап концерттік тур беруді мақсат тұтып отырмыз. Оның ішіне міндетті түрде Қазақстанның Астана, Алматы, Қостанай, Шымкент қалалары кіреді. Бүгінгі концерт сол турға дайындық десек те болады. Ал үлкен соло кешіміз ауқымды масштаб пен ерекше шоуға толы болады.

– Бүгінгі концерт қалай болды? Сізге ұнады ма?

Мен Мишаны 2016 жылдан бері тыңдаймын. Әндерін жақсы көремін, бәрін жатқа білемін десем де болады. Бүгінгі концертті көп күттіп, телефоным оның видеоларына толып қалды.
– Ол шынайы сезімдер жайлы ән айтады. Оның әндерінен махаббат сезіледі. Сондықтан да ол тыңдарманының жүрегінен орын тапқан әнші.