«Сезім бағы» жобасы көрерменмен қайта қауышты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova

– Мыңдаған көрерменді теледидар алдына жинаған реалити-шоудың жаңа маусымы бастау алды! Жүрегінің жартысын іздеген талай серілер мен арулардың шаңырақ құруына септігін тигізген жобаға бұл жолы қандай өзгерістер енгізілді?

 

«Сезім бағы» жобасының эфир тізгіні бұл жолы Айдай Исаеваға бұйырды. Қазақстан аруына бұл қызмет таңсық болмады. Өйткені Айдай аталмыш бағдарламаның 3-ші маусымын жүргізген еді.

Айдай Исаева, «Сезім бағы» реалити-шоуының жүргізушісі:

– Ұсынысты қалай қабыл алдыңыз?

– Бұл деген күнделікті 4 сағат тікелей эфир бар. Жолы алыс, уақыт бар. Кішкентай балаларың бар. Оны бірінші уақытпен ойландым. Кейіннен былай ойлап қарасам неге жүргізбеске?!

 

Енді бір жыл бойы 24 қатысушы өмірлік серігін іздейді. Олардың қатарында үш маусым бойы сүйгенін сарыла күтіп отырғандар да бар. Мәселен хейттен көзін ашпаған Асель Даулетбаева. Еске салсақ, 8-ші маусымның соңғы эфирінде аруға үміткері жұп болуға ұсыныс жасаған еді. Сол сәтте үнсіздігімен біразын абдыратып, жауабын айтуды кейінге қалдырған.

Асель Даулетбаева, «Сезім бағы» реалити-шоуының қатысушысы:

– Жақын доспен махаббат құру өте қиын екен және де его окружают тек қана әйел адамдар. Сондықтан әрине біз тоқтаттық. Содан кейін мен жарымды жаңадан іздеуге келдім.

– Енді экранның аржағында отырған құлаққағыс болсын талаптарыңыз жайлы айта кетсеңіз.

– Заманауи ер адам керек. Өйткені білесіз ер азаматтар жарқын қызды алады да, сосын басып тастайды да, өшіріп тастайды. Ондай ер азамат маған әрине керегі жоқ.

Жоба қатысушылары 19-29 жас аралығындағы қыз-жігіттерден құралған, олардың 70 пайызы бұрын соңды тұрмыс құрмаған. Болашақ жарын іздеу үшін қайта оралғандардың қатарында Диана Айдынқызы мен Ерлан Шонтаев та бар. Бірақ олар сыңарына Әсел секілді көп талап қоймаймыз дейді.

Диана Айдынқызы, «Сезім бағы» реалити-шоуының қатысушысы:

– Негізі алдынғы маусымда талаптары жоғары, таудай қыздардың бірі мен болатынмын. Қаражат жағынан болсын. Енді талапқа қатты тоқталмай-ақ қояйын. Ең бастысы мені түсіне алатын және мені қорғай алатын адам болса болды.

Ерлан Шонтаев, «Сезім бағы» реалити-шоуының қатысушысы:

– Менің талабым мынандай, ана қыз мынандай болсын деп айту кішкене маған, менің жасымда ыңғайсыздау болуы мүмкін. Ең бастысы мені түсінетін, менімен әрі қарай бақытты өмір сүруге дайын қыз бала болса мен дайынмын.

 

«Сезім бағы» Олжас пен Жанерке, Дәулет пен Балназым сынды ел сүйсінерлік жұптарды табыстырған еді. Ғашықтардың ізін жалғаған экс-қатысушылар Бексұлтан мен Галина да тойдың ауылы алыс емес екендігін хабарлап сүйіншілетті.

Галина Нартай, «Сезім бағы» реалити-шоуының экс-қатысушы:

– Енді біз той жасаймыз десе қазақ халқы ең бірінші үйімізге жаңағы ремонт жасап бастаймыз ғой. Үйімізге жөндеу жұмыстарын жасап бастаймыз деген сияқты. Негізі Бексұлтан жақта ол әлдеқашан басталып кеткен.

Бексұлтан Нұржанов, «Сезім бағы» реалити-шоуының экс-қатысушы:

– Келіндік өмірге менің өзімнің қызым, болашақ келіншегім деп қояйын дайын. 100 пайыз дайын десем. Қолынан келмейтін нәрсесі жоқ. Тамақ десе тамақты да. Пысықтығы да. Ән десе әнді қалай айтады. Құдай бере салған

 

– 8 маусымды артқа тастаған «Сезім бағы» көрерменімен қайта қауышты. Ендеше, күн сайын сағат 12:00-де НТК арнасы қосулы болсын. Кім білсін, сіз іздеген жан дәл осы махаббат алаңында болар.