Олжас Нұрбай, режиссер:
– Лейлда деген кейіпкер бар. Ол тыныш жүрген, жуас дәрігердің бейнесі. Біз соған Баян Мақсатқызын тарттық.
– Қалай қызықтыра алдыңыздар? Білуімізше, кез-келген жобаға келісе бермейді. Әлде қателестім бе?
– Біз көп ақша төледік ол кісіге. Жоқ, негізі олай емес. Ол кісі де қатты қызығып, «мен негізі мынадай рөл сомдамағам ғой, қолымнан келе ме?»-, деп қатты уайымдады. Біз үйреніп қалған рөлін ойнап жатқан жоқ.
Басты рөл Әбунасыр Серіковтың қоржынында. «Кейіпкердің прототипі әзілкештің өзі»,- дейді режиссер. Мамандар сценарийді да актерджің типажына сай жазуға тырысқан көрінеді.
Әбунасыр Серіков, актер:
– Немістер туралы, концлагерьде сатқындардың рөлін ойнаймын.. Бірақ мен сатқын болып шықпаймын. 5 минут өтті мені шақырып жатыр.
Айтқысы келмегенімен, нақты ақпар мынадай. Әзілкеш-актер жалғызбасты әкенің рөлін сомдайды. Ал кейіпкердің 3 қызын ойнау Алма, Аида Құрманғалиева мен Жазира Еркінге бұйырған.
Жазира Еркін, актриса:
– Менің кейіпкерім өте ауыр проблемасы бар жас қыз туралы. Орта жаста, 32-33-тегі қыз. Сырт көзге әдемі, сондай жинақы, тиянақты, бір жұмысы бар, артында бірдеңесі бар сияқты қыз болғанмен, өмірдегі қиындықтары өте көп.
«Кейікерім қыздарға дұрыс иерархия құрудың маңызын ұғындырады»,- дейді Жазира. Бар жауапкершілікті мойынына артып, ата-анасын баласындай көретін аруларға айтары мол туынды деп түйіндеді сөзін. Рөлін түгендеген соң, гонорарын білуге асықтық.
Жазира Еркін, актриса:
– Гонорарыңызды біле аламыз ба осы фильмдегі немесе жалпы? Енді қазір портфолио толды дегендей?
– Бір құнажын бар енді…
Түсірілім 18 күнге жоспарланған екен. Сахналардың басым бөлігі Екібастұзда таспаланбақ.
Олжас Нұрбай, режиссер:
– Қиын сахналар бар дедіңіз ғой, қандай сахналар?
– Иә, Екібастұздағы көпірден көлікті құлаттық. Иә, кәдімгі көлікті құлатып, лақтырып оны. Сондай сахналар бар. Сосын жаңағы қаланың ішіндегі сахналар бар. Соның өзін 2 күн түсірдік тек қана. Сонда қарап отсақ, кинодағы ол 1 минуттық дүние шығар.
– Каскадерлар орындаған шығар?
– Иә, әрине. Бізде менің сүйікті Nomad Stunts жігіттері:
Аталмыш сахнаны түсіру үшін көшелердегі қозғалысты тоқтатқан көрінеді. Сондай-ақ, екі бірдей қызыл түсті жигули көлігін іздеп әбігерленгендерін айтты.
Бұл нәзік жандыларға арналған туынды. Бірақ тек арулардың күйін күйттемей, ерлердің жалғыздығын да тілге тиек етеміз дейді жоба авторлары. 3 жыл дайындалған туынды үлкен экранға 2026 жылы жол тартпақ.