Димаш Құдайберген Америкада еліміздің әнұранын әуелетті!

Сообщить о проблеме с эфиром

 

Осылайша әйгілі Madison Square garden алаңында, Америка аспанында қазақша ән әуеледі. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған dears, түрлі ұлт өкілі Димашпен бірге туындыларды құйқылжыта шырқады.

 

Димаштың нақ осы Madison Square garden cтадионын таңдауы бекер емес. Бұл Майкл Джексон, Андреа Бочели, Бейонсе және The Beatles-тің табаны тиген танымал сахна. Әлемдегі ең беделді алаң. Ал, Димаш кіл мықтылар концерт берген залды тыңдарман толтырған алғашқы қазақ. Осылайша ол тағы бір мәрте тарих жасады.

 

Димаш Құдайберген сахнада мемлекеттік әнұранды орындап тағы бір таңғалдырды. Әншінің гимн айтқан сәтін анасы Светлана Айтбаева желідегі ресми парақшасында бөлісті. Ұлтының ұлы баласы қазақтың қара домбырасын да елеусіз қалдырмады. Ал «Stranger» атты әнін қобыздың әуенімен сүйемелдеді.

 

Димаш концерте әлемге танымал композицияларды да ұмыт қалдырмады. Ал трек-листтегі соңғы трек Димаштың үш жыл жазған авторлық туындысы. Айта кетейік, бұл төрт негізгі діннің музыкалық және тарихи әлементтерін біріктірген шығарма.

 

«Арман тарихқа айналғанда!» Концерттен кейін осындай жазба жариялаған Димаш Нью-Йоркте өткен ауқымды шығармашылық кеші жайлы деректі фильм дайындайтынын хабарлады.