Eurasian Fashion Week өз мәресіне жетті! 1 миллион кімге бұйырды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шоу отандық жас дизайнерлер арасындағы «FASHION FOR FUTURE» додасымен жалғасын тапты. Жоба ұйымдастырушыларына келіп түскен 300 өтінімнен, 10 қатысушы ғана іріктелген еді. Сайысқа отандық және Беларусь, Өзбекстан, Ресей мемлекеттерінен келген сәнгерлер қатысты.

Меруерт Шакербаева, «Еurasian Fashion Week» әділ-қазы алқасы:

10 қатысушының 50 пайызының жұмыстары өте жоғары деңгейде. Бұл сән индустриясының дамып жатқанының белгісі.

Шеслана Құсаинова, @sheslana_kusainova

Дәл қазір қазылар алқасы үздіктерді анықтап жатыр. Санаулы минуттан кейін жеңімпазды білетін боламыз.

 

1 миллион теңге және арнайы шетелде оқуға грант. Осы сыйлақтардың иелерін анықтамас бұрын біз фэшн-шараға келген танымал меймандардың жарысқа қатысушы дизайнерлер жайлы пікірін білдік:

Жаңа сән көрсетілімін көрдіңіз, қай дизайнердің жұмысы ұнады сізге.

Әсел Дәулетбаева, блогер:

00:08 Қаламқастың. Арнайы өзінің стилі және оттенок подобрала она очень грамотна, әдемі.

Гүлбахрам Байбосынова, актриса:

- Жандос. Өте әдемі стилде шыққан топтама болды. Модельдер де өзін керемет ұстады. Жандос та әдемі бопа шықты. «Кімнің бопаши!» болып тұрды ғой.

Динара Нұрболат, актриса:

Мен Жандосқа жайнкүйермін. Маған қатты ұнады!

 

Жарыс нәтижесінде келесі Eurasian Fashion Week 2026 маусымында өз топтамаларын көрсету мүмкіндігіне Екатерина Щербак, Жандос Асен және Қаламқас Сағындық ие болды. Ал 21 жастар Іңкәр Әлиақпар бір миллион теңге сыйақыны жеңіп алды. Сонымен қатар, Орал қаласынан келген Торғын Демеуова Италиядағы IED институтында білім алу сертификатын жеңіп алды.

Торғын Демеуова, «Еurasian Fashion Week» жеңімпазы:

Сөзсіз! Әрине қуаныштымын осындай берілген мүмкіндіктерге және де болашақта одан да үлкен аренада өз жұмыстарымды көрсету мүмкіндіктері болады деген үміттемін.

Іңкәр Әлиақпар, «Еurasian Fashion Week» жеңімпазы:

Өте қуаныштымын. Бұндай затқа шынымды айтсам күткен жоқпыз. сондықтан баршаңызға үлкен үлкен алғысымды айтамын.

 

Eurasian Fashion Week-тің бұл жолғы маусымы осылай өз мәресіне жетті. Шығармашылық ұжымның басты мақсаты «Ұлы жібек жолы» тақырыбын арқау ете отыра, қазақ ұлтының тарихын дәріптеу болды. Ендеше келер жылы да бұл сән апталығы жоғары деңгейде болары сөзсіз!

Ирина Байжанова, «Еurasian Fashion Week» бас продюсері:

Келесі фэшн-уик 2026 жылдың көктемінде өтеді. Ол жерде күз-қыс топтамалары ұсынылады.