Мөлдір Мұқан, продюсер:
– Мен тек өз басымнан өткен жағдайды ғана айтып өттім. «Мен еркектерге қарсы шықсын. Әйелдер мен еркектер екіге бөлінсін!» деген арам ниетім болған жоқ. Ондай ойдан аулақпын.
Мөлдірдің айтқандарын психологиялық тұрғыда талдап, әр эмоциясын бағамдап жазғандар да назардан тыс қалмады. «Бұл маркетингтік қадам», «Әртіспісің деген, талуға рұқсат!», «Фильмі туралы айтқанда жадырап кетті ғой» дегендер де аз емес. «Халықты »Алайда кинопродюсер мұның бәрін жоққа шығарды.
Мөлдір Мұқан, продюсер:
– Мен өмірде хайп деген нәрсені жек көремін. Мен ондай нәрседен тіпті шаршағанмын. Және отбасылық дүниені хайп ретінде касса жинасын немесе бір халықты дүр сілкіндірейік деген оймен жасау ол үлкен қателік. Білмеймін неге олай халық қабылдап жатқанын. Мен ешкіммен жарыспаймын. Әркімнің өзінің бағына қарай, ниетіне қарай табысы түсе жатар. Қандай касса түссе де мен ризамын. Осындай депрессия уақытында мені одан әрі өмір сүруге жетелеп кеткен жоба. Осы сәтке сәйкес болып қалды.
Сұхбат жарық көргеннен кейін Тұрсынбек Қабатовтың өзі инстаграм парақшасына жазба жариялап, кей ақпараттың өтірік екенін хабарлады. «Ардақты ағайын, мен балаларымды ешқашан блокқа қойған емеспін. Мен балаларыммен біргемін, жақсы көремін» деп жазды әзілкеш. Дегенмен Мөлдір Мұқан бұған дейін экс-жұбайымен еш байланыса алмағанын жеткізген еді.
Мөлдір Мұқан, продюсер:
– Сұқбатқа барардың алдында Тұрсынбек мырзаға жаздым. Ол кісіден кері жауап болған жоқ. Алдынан өттім десем де болады. Мені талап жатыр. Әрі қарай бұл құпияны сақтап тұру мүмкін болмай қалды. Бұл дүние менің ғана басымнан болып жатқан жоқ. «Ажыраспаймын!» деген ұран ұстаған адам мен болармын. Бірақ басқа түскен тағдырға көнеді екенсің.
«Тұрсынбек Қабатовтың жары» ретінде танылған продюсер бар шындықты ашып салғанына еш өкінбейтінін айтты.
Мөлдір Мұқан, продюсер:
– Барлық айтқаным рас болғандықтан айттым және өкінетін тұстар болған жоқ. Керісінше айтуым керек еді деген сәттер болды... Кейбір сәттерді балаларымның білмегені де жөн.