Голливуд Брэдли Купердің пластикалық отадан кейінгі түрін қызу талқылап жатқан уақытта біздің көрермен Әлішер Кәрімовты сыңға алды. Көпшілік екеуі де мұрынының формасын өзгертіп, блефарапластика жасатқан деп болжап жатыр. Бірақ қос танымал да бет-әлпетіндегі өзгерістер жайлы тіс жарар емес. Бірақ сұлулығының сырын жасырғанымен, қырағы көрерменді алдау мүмкін емес.
Кей жұлдыздар ота жасатқандарын жасырмайды. Мәселен Әсел Асқар блефарапластика жасатып, кеудесіне иплант салдырғанын ашық айтады. Сымбатын қалпына келтіру үшін артық майларын алдырған Айгерім Қалмұратова да оқырманымен бұл тақырыпта еркін тілдеседі. Бірақ танымалдардың әріптестері мұндай дүниені халыққа жар салатынына қарсы.
Нұрболхан Шарапов, актер:
– Қарсымын ондай нарсені, әй, өзің үшін істеттің бе, өзің үшін жүре бер. Оны жарияға жар салып: мен мына жерімді салдырдым, мен мына жерімді істеттім. Ол кімге керек ол нарсе, өз мәселең ғой, кімге көрсеткің келеді, соған көрсетіп жүре бер, көпшілікке көрсетіп қажеті жоқ деп ойлаймын..
Актер Дәурен Серғазин де осындай пікірде. «Жұлдыздарда жауапкершілік жүгі мол, сондықтан әр қадамын аңдап басқаны абзал»,- дейді актер.
Дәурен Серғазин, актер:
– Тым осыны сыртқа шығарып, насихаттауға қарсымын. Ол өзінің жеке өмірі. Өнер адамы өмірін өзінде ұстау керек.
Бірнеше рет хирург көмегіне жүгінген Асель Даулетбаева да серілерді қолдайды. Жеңілдік үшін түрлі клиниканы жарнамалау– қате дейді. Мұндай шешімін былай түсіндірді.
Асель Даулетбаева, блогер:
– Сондықтан мен ота жасатсам да дәрігерімді айтпағанмын. Себебі, әрі адамның жолы болады. Біреуде дұрыс шығады, біреуде дұрыс болмай қалуы мүмкін. Ондай жауапкершілікті мойыныма алмаймын.
Назым Әбілдина, әнші:
– Егерде менде ондай нарсе болса мен міндетті түрде тексеріп, содан соң ғана халыққа жариялайтын ем, себебі бұл үлкен жауапкершілік деп ойлаймын.
Хирургтың көмегіне жүгінгендер қатарында Бота Миа да бар. Блогер ота жайлы оқырманына егжей-тегжейлі түсіндіріп, бірнеше пост жүктеген еді.
Sabirkin, блогер, актриса:
– Уақыт өте келе косметиккалық түзетулер, әжім бослын деген сияқты соны дұрыстауға қарсылығым жоқ. Түбегейлі бет жүзін өзгертпесе.
Назым Әбілдина, әнші:
– Болашақта бәрібір болатын сияқты. Енді есейген сайын әр адам соған келетін сияқты.
Пікір сан-алуан. Мақсат – дұрысын не бұрысын көрсету емес. Жөн сілтеуден де аулақпыз. Таңдау өзіңізде, көрермен. Бастысы маркетингтің құрбанына айналмай, білікті маманға жүгініңіз.