Бәрі бітті! Bоtа Mia мен Асқар Оразбаевтың айырылысқаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ол ғашықтар қаласы Парижде «иә»,- деді. Артынша жасауын түгендеп, ұзатылу қамына кірісті. Жақында той деп сүйіншілетті. Шақырту күтіп жүр ек, күтпеген жерден «бәрі бітті»,-деп мәлімдеме жасады. Асқар Оразбаев пен Бота Мианың махаббат оқиғасы шынымен де аяқталды ма? Әлде блогерлер хайп жасап, қаралым арттырмаққа ниетті ме?

Асқар Оразбаев, блогер:

– Бұл ешқандай хайп емес, екеуіміз екі жақтамыз. ол жақта да атап айтатын мәселе жоқ, Біз екеуіміз ортақ шешіммен осылай шештік.

– Екі жылдық махаббат бір әңгіменің төңірегінде үзіліс алды дегенде сену қиын ғой?

– Ішіне кіріп бара жатырсыз ғой сіз

– Қай жерден қателесті Асқар, соны айтайықшы жарайды?

– Бота жақта бәрі жақсы, ол алтын қыз, қателіктің бәрі мен жақта

– Қандай қате жібердіңіз?

– Мүмкін уақыт көбірек созып қойған болармын, нақты қадамдарсыз болып қалған шығар… айта берсең көп қой.

– Тоқтатайықшы дегенді кім айтты бірінші.

– Терлеп кеттім ғой.

 

Асқар әлі де үмітті екенін жасырмады. Сөзіне сенсек, Ботаны қайтару үшін барын салып жатыр-мыс.

Асқар Оразбаев, блогер:

– Асқар үшін ара-қатынас аяқталды ма әлде уақытша үзіліс пе?

– Асқар үшін уақытша

– Бота үшін?

– Мүмкін аяқталған шығар, ол жағын алдағы уақытта білеміз..

– Демек сіз бәрін қалпына келтіру үшін күресіп жатырсыз ба қазір?

– Кішігірім, баспен кетіп жатқан жоқпыз

– Қандай қадамдар жасап жатырсыз?

– Қазақстанның топ әншісі Ильханды танитын шығарсыз. Сол біздің мазхаббатымызға ән арнады. Ол да үлкен қадам ғой.

 

«Біздің сезімді әнге салдық»,- дейді сері. Релиз жақында жарыққа шығатынын да айтып қалды. Бейнебаянға Ботамен түсуге ниетті екенін де жасырмады. Ильханның жаңа трегін жарнамаламақ па деп ойладық. Ақ-қарасын уақыт көрсетер.

Асқар Оразбаев, блогер:

– Көңіл бөлмеу, бағалы сыйлықтар деген нарсенің де әсері бар ма?

– Жоқ, ондай қыз емес. Ондай көңіл бөлмеу, көңіл мен бөлгем, оны өзі де біледі, халық та біледі.

Мәселе, тек нақты қадамдарда болса, уақыт созбай тойдың күнін белгілеу керек-ау. Шақырту күтеміз.