Ол виолончелімен тыңдарман жүрегіне жол тапты. Қазақ жұртшылығына классикалық музыканың құдіретін түсіндірді. Ал оның терапиясы жанға тыныштық сыйлайды. Сондықтан да болар, кештері үнемі sold-out. Әңгіме Бағжан Октябрь жайында. Өнерпаз өткен уикендте тыңдарманын жинап тағы бір терапия өткізді.
Музыкант жаңа маусымға су жаңа бағдарлама дайындаған екен. Репертуарын өзгертіп, кеште қойылым іспетті шоу да болды.
– Көпті қызықтырған мына бір сауалдан бастайыншы. Әдетте қыздар алғашқы қатардан орын алады. Сізбен вальс билеу мүмкіндігі туар деп үміттенеді. Алайда бүгін сол дәстүр үзілгендей болды. Оған не себеп?
Бағжан Октябрь, музыкант:
– Себеп тер өте көп.
– Мүмкін, біреу рұқсат бермей қойған болар деген сияқты ғой.
– Сол вальстің айналасында көп драма болып кетті. Мен оларды не үшін шақырамын. Қыз әдемі көйлек киіп келеді. Сол көйлегіне рақмет айту үшін. Иә, бұл жолы енді енді осындай қасиетті ай болғаннан кейін, сәл өзімді ұстадым. Ұялдым шыны керек.
– Екінші бір тараптың қандай да бір адамның ықпалы емес пе? Қызғаныштан туған шешім емес пе бұл?
– Жоқ ешкімнің ықпалы емес. Үйленген күннің өзінде де, мен ойлаймын енді бұл деген жұмыс қой. Бұл жақта, артық бір сезім жоқ. Вилончель, музыка, концерт. Оның бәрі сол бағдарламаның ішінде бар. Бастысы ешкімді ренжітпеу, халықтың ықыласына бөленіп, абыроймен концертті өткізу.
Бағжан елдегі кештерін аяқтаған соң халықаралық турын бастамақ. 22-наурыз Түркиядан басталған іс-сапары Франция, Швецария, Испаниямен жалғасып, 8-мамыр күні Қатарда өз мәресіне жетпек. Осылайша музыкант командасымен бірге жалпы саны 12 мемлекеттегі тыңдарманын қуантпақ.
– Репертуарыңзға қндай өзгерістер енгізесіз. Мүмкін баратын елдің мәдениетіне сай әуендер қосылатын шығар?
Бағжан Октябрь, музыкант:
– Иә, бізде бірінші үлкен тур Түркияда 5 қала. Одан кейін, бізде Прага, Германия басталады. Жалпы айтқанда нақты бір бағдарламамыз бар. Бірақ, бір ел ауыстыратын болсақ, сол елге қатысты бір халық әнін я сүйікті әндерін бірге қосып ойнаймыз.
Бағжанның әлемдік турын шетелдегі қазақ диаспорасы ғана емес, өзге елдің азаматтары да асыға күтеді. Мұны әлеуметтік желіге жазған пікірлерден, келесі концерттін күнін сұрап сауал жолдағандардың санынан-ақ аңғаруға болады. 2025 жылы өткен world tour-дағы көрермен де сөзімізге дәлел болатыны анық.
Әлем сахналарын бағындырып, алыс-жақын шетелдегі тыңдарманды әуенімен баурап жүрген серінің шығармашылығы ғана емес, жеке өмірі де көптің назарында. Сондықтан көрермен көкейіндегі мына бір сауалды жолдамасқа болмады.
Бағжан Октябрь, музыкант:
– Жақын күндері үйленсем, отбасын құрсам деген жоспарлар бар ма?
– Бәрі мүмкін. Мен білмеймін. Енді біз өнер адамы болғаннан кейін, қызықпыз ғой. Бір күні былай оянамыз, бір күні былай оянамыз. Ертең үйленемін деуім мүмкін, арғы күні үйленбеймін деуім мүмкін. Жауап бере алмаймын…
– Десе де Бағжанның жүрегін жаулаған ару бар ма?
– Әзірге жоқ.
Кім білсін мүмкін күткені халықаралық турда-ақ кездесер. Ал әлем аралап келген соң тойдың қамына да кірісіп қалар.