«Топ болып өтірікшілердің құрығына түстік!» Қуандық Шәкіржанов әріптестерімен бірге алаяқтарға алданып, сан соғып қалғанын жеткізді. Бұл туралы актердің өзі бізге баяндап берді.
– Қатты бір ақшадан ұтылып ондайдан емес, бір адамгершіліктің жоқтығын сезіндік. Мен жалғыз өзім алданған емеспін. Ол жерде Бақыт апайың бар, Әбекең, Нұрбек, Алмат ағаң, Қарагөз әпкең бәріміз алдандық. Орда тобы бар ол жерде.
Өнер иесі бұл оқиға жайлы ашып айтуды жөн көрмеді. Жағымсыз естелікті еске түсіргісі келмеді ме деп топшылап едік, алайда олай болмай шықты.
Қуандық Шәкіржанов, актер:
– Жоқ жоқ ол қысқа айтуға келмейтін оқиға үлкен. Ол болашақта кино болуы мүмкін.
– Сол жайлы айтып берсеңіз. Қандай кино болады? Қандай жанрда болады.
– Ол өмірдегі басқа желсі арқылы келтіреміз. Оны уақытысында көресіздер бұйырса.
– Продюсері өзіңіз боласыз ба?
– Мен негізі сол сценарий жағында болатын шығармын.
Бұл фильмнің қашан шығатыны болашақтың еншісінде. Ал күні кеше көрерменге жол тартқан «Байқа! Алаяқ» толықметрінде, Қуандық Шәкіржанов образ жасап әуреленбеген-ді. Себебі бұл жағдайлар басынан өткен.
Қуандық Шәкіржанов, актер:
– Бұл жерде де сол. Қарапайым аңқау адам. Өздеріңіз көресіздер. Маған әлі бір байдың әлгі таласып қалған, жармасып қалған адамның рөлін беріп жатқан жоқ.
Фильмде пәтер алу үшін, тірнектеп жинаған ақшасын ұрлатып алған әкенің рөлі Шәкіржан-тегіге бұйырған. Ал оның жарын әдеттегідей Бақыт Әліпбаева сомдайды. Актриса үшін экшн сахналардан тұратын жобаға түсу оңайға соқпаған-ды.
– Сіз әдетте сізді мейірімді аналардың рөлінде көретін едік, ал бұл фильмде мүлде басқа амплуада көрінгендейсіз. Сол жайлы айтып берсеңіз.
Бақыт Әліпбаева, актриса:
– Кішкене басқашалау бұл жерде. Бұл жерде де әрине от анасы өзінің отбасын ойлайтын. Бірақ өзінің отбасы үшін ештеңеден тайынбайтын әйел. Әлемді төңкеріп жібере алады. Әлемді құтқара алады. Сондай әйелдің образындамын.
– Байқадық төбелес сахналары көп екен. Қауіпті трюктардың барлығын өзіңіз орындадыңыз ба? Қалай болды?
– Бақыт Әліпбаева, актриса:
– Иә, негізі бар ғой маған төбелес кішкене қиындау тиді. Бірақ енді барынша бізге енді мүмкіндік жасауға тырысты. Бәрін өзім орындадым негізі.
Балаларына ақшаны ұрлатып алғанын айтқысы келмеген, отағасы әйелімен бірге қылмыскерді өздері ұстамаққа әрекет етеді. Нәтижесінде алаяқтың рөлін сомдайтын Бексұлтан Піләл олардың қолына түседі. Айта кетейік, бұл актердің алғашқы басты рөлі.
Бақыт Әліпбаева, актриса:
– Мен Бексұлтанды, ол енді бізді алдап кеткен алаяқ қой. Соны қуатын сахнам енді жүгірдім. 2 күн қуып денемді ала алмай қалдым жүгіремін деп.
Бексұлтан Піләл, актер:
– Бақыт Әліпбаева 2 күн жүгірді. Жазира 1 апта жүгірді. Қыздардың бәрі артымнан жүгіріп жүрді.
– Осы рөлді ойнау үшін зерттеу жүргіздіңіз бе? Яғни алаяқтар қандай болады екен? Мінезі қандай болады екен деген сияқты.
Бексұлтан Піләл, актер:
– Иә, мен өзім сондаймын ғой… Әзіл, жалпы алаяқтармен кездескенмін. Содан да кішкене былай білеміз. Жалпы өмірде де көп қой ондай алаяқтар.
Десе де, алданған ата-ана алаяқты ұстаса да, неліктен ақшасын қайтара алмайды? Бұл қылмыстың артында тағы қандай құпия жасырылған? Жауабы үлкен экранда!
Көрермен пікірі:
– Фильм ұнады ма? Пікіріңізбен бөлісе кетсеңіз?
– Фильм енді от болды. Мұндай эмоция болады деп ойлаған жоқпын. Бұл жерде менің ойымша маркетинг төмен болып тұр, бірақ фильм тамаша!
– Өте қатты ұнады фильм. Сондай өмірден алған. Өте жақсы фильм екен. Киноның соңына дейін күліп отырдық. Өмірден алынған.
– Актерлық ойын барлығы жағынан бізге өте қатты ұнады.