Нұрлан Қоянбаев киберспорт бағыты бойынша өтетін FIFA-дан медиатурнир өткізді. Кинопродюсердің бастамасымен ұйымдастырылған ойынға Алишер Утев, Нұрлан Қоянбаев, Біржан Әшім, Арман Жаналиев бастаған 80 жұлдыз қатысты.
Нұрлан Қоянбаев, кинопродюсер:
– Басты ойымыз, мақсатымыз жастар арасында мереке жасау, ойын жасау, жастар арасында киберспортты орта қалыптастыру, Көбі жасап жатыр ғой, ойымыз үлес қосу болды.
Алдымен қатысушылар жеребе тастап, қарсыластарын анықтады. Жеңімпаздар келесі кезеңге өтсе, жеңіліс тапқан қатысушы ойыннан шығып отырды. Осылайша финалға дейін үздіктерді анықтады.
Біржан Әшім, блогер:
– Мен қазір бір ойынды аяқтадым. 4:3 есебімен жеңіске жеттім. Қарсылас өте мықты. Жеңіс оңай бұйырмады.
Нұржан Керменбаев, әнші:
– Небір-небір мықтылар бар мында, естігеніміз бар, естімегенімізбар. мына жақта үздік төрттікке кіруге үмттінім. Бірақ енді осал ешкім жоқ., Ол сол сәтте, сол матчта қалай болады, 1 гол ғана разница болуы мүмкін, сәттілік ойнап кетуі мүмкін..
Арман Жаналиев, әзілкеш:
– Біз енді Тараз қаласына келіп тұрмыз, арнайы fifa үшін Нұрекең шақырған соң. Өйтені, өзіміз жасымыз 30-дан асса да бұл ойынды жақсы көреміз. Кезінде айтушы еді Fifa саған не береді деп. Қазір енді Нұрлан аға ұйымдастырған соң ешкім ештеңе айтпайды деп үміттенемін... Әйелім де, балаларым да..
Арман мырзаға жеңіс бұйырмады. Бірақ бас бәйгені інісі қанжығалап, мерейін асқақтатты.
Заманбек Нұрғалиұлы, блогер:
– Түсім сияқты қазір оянып кететін сияқтымын ше. Қаншама дайындық қаншама еңбек, 2007 жығы fifa-дан бастап ояйнап келе жатырмын. 2026 жылғы фифада жеңімпаз болдым.
Жеңімпаз 1000 доллар мен кубокты иеленсе, медиатурнирде үздік деп танылған 4 қатысушы республикалық іріктеуге жолдама алды. Енді олар Қазақстанның түкпір-түкпірінен таңдалған киберспортшылармен сайысқа түседі. Мұнда жеңіске жеткен ойыншы Нұрлан Қоянбаевпен бір матч өткізеді. Егер есеп бойынша алға шықса ұйымдастырушылар ұсынған көлікті иеленеді.
Ескендір Нұрахметов, ұйымдастырушы:
– Құнын да брендін де айта алмаймыз, құпия. Жақында біздің парақшада шығады.
Бастапқыда осылай деген еді. Кейіннен бәске тігілген көліктің құнын айтты.
Ескендір Нұрахметов, ұйымдастырушы:
– 25 млнның машинасын.
Енді Заманбек жолдама алған өнер иелерімен бірге 24-маусым күні Алматы аренада өтетін байқауда бақ сынамақ. Аталмыш сайысқа еліміз бойынша 10 мың спортшы тіркелген екен. Қарсыластары – тіс қаққан киберспортшылар.
Ескендір Нұрахметов, ұйымдастырушы:
– Дайындалып, тренермен дайындалып, мықты форма жинап келем ғой...
Автор: Д. Қыдырбек