MRS. KAZAKHSTAN 2026!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде сән байқауында бақ сынап, тәж кию жас талғамайды. Бұл тұжырымды 5 жылдан бері дәлелдеп жүрген «Миссис Қазақстан» жобасы. Аталмыш додада 22-70 жасқа дейінгі арулар өздерін басқа қырынан ашуға мүмкіндік алады. Сұлуларға биыл қазылық ету жұмысы Айнұр Ілиясова, Жан Байжанбаев, Нұрлан Абдуллин сынды танымалдарға міндеттелген.

Бұл байқау не үшін керек деп ойлайсыз? Мақсаты

қандай?

Нұрлан Абдуллин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:

Бойында таланты бар қыздар, келіншектер жаңағы бала-шағалы болады, болмаса кәсіпке кіріп кетеді. Сөйтіп уақыты болмайды. Бірақ, ішінде бәрібір жаңағы махаббат болуы қажет. Бүгінгі шара сондай келіншектерге, қыздарға өзін көрсетуге арналған сияқты.

 

Байқаудың кастингіне 500 ден астам үміткер өтінім жіберген. Нәтижесінде небәрі 20 қатысушы іріктеліп алынған.

Әнел Нұғманова, «MRS. KAZAKHSTAN» байқауының қатысушысы:

Мен өзім ерекше баланың анасымын. Жалпы ана ол деген әйел адам ең біріншіден. Әйел адам бақытты болуы керек. Бақытты әйел болса, бақытты ана болса сол кезде балдары да бақытты болып, денсаулығы да мықты болады. Сондай миссиямен келіп тұрмын осы проектке.

Жан Байжанбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Әр қатысушының басынан кешкен әсерлі оқиғасы бар. Бірі жол апатынан соң өзін қайта қалпына келтіре алған, екіншісі күйеуінен ажырасқан соң өз күшімен аяғына тұрған. Шынымды айтсам, мен олардың сынаққа сынбайтын мықты рухына тәнті болдым.

 

Бұл жоба 3 айға созылған. Бұл уақыт аралығында арулар сөйлеу шешендігі, актерлік шеберлік, этикет, психология сынды тұлғалық даму мастер-класттарына қатысқан. Ал финалда олар түрлі образбен дефиле көрсетті.

Нұрлан Абдуллин, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші:

Меніңше шыққан соң жарқырап шығу керек. Сол жарқырап шыққан тек қана киінгені емес. Нұры жанып тұрса, айтқан сөздері көңілге, жүрекке қонса әрине сол жеңімпаз болады.

 

«Миссис Қазақстан» жобасының бірден бір ерекшелігі, бұл байқауда барлық 20 қатысушы жеңімпаз. Нақтырақ айтсақ, олардың барлығы тәжді иеленіп, шетелде өтетін халықаралық сән додасына жолдама алды. Мәселен, 41 жамтағы Әсел Таирова АҚШ және Қытай мемлекетіне еліміздің намысын қорғауға барады.

Бұл байқауға қатысуыңызға не түрткі болды?

Әсел Таирова, «MRS. KAZAKHSTAN» байқауының қатысушысы:

Басқа адамдардың сенімділігі. Негізінде бұл бала күнгі арманым. Кішкентай кезімнен армандағанмын осындай конкурста жеңімпаз болуды.

 

Ал Раиса Мәмбетоваға туған мүмкіндік тіптен бөлек. 70 жасар қатысушы өзі қалаған халықаралық байқауда бақ сынай алады. Раиса ханымның таңдауы Нью-Йоркте өтетін сән додасына түсті.

Раиса Мәмбетова, «MRS. KAZAKHSTAN» байқауының қатысушысы:

70 жаста тәжді кию деген енді ол әр адамға жазылмаған. Мен бақықыттымын. Адамның арманы таусылмауы керек. Арманы таусылмаса сен 150 жыл өмір сүресің. Жас шектеуі деген жоқ.

 

«MRS. KAZAKHSTAN» тек тәждің иесі атану емес. Ол әйелдердің өзіне деген сенімділігін арттырып, өмірінің жаңа парағын ашуға үлкен мүмкіндік беретін бірден бір жоба.

Жан Байжанбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, актер:

Біздің ғажайып аруларымыздың барлығы ең үлкен атаққа лайықты. Олар өздерінің харизмасымен ақ тәжді жеңіп алды.


 

Автор: Ш. Құсаинова