Қазақстанда тұңғыш рет спектакль экранизациясы жүзеге асырылмақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақстанда тұңғыш рет спектакль экранизациясы жүзеге асырылмақ!

Шеслана Құсаинова, 

Қазақстанда тұңғыш рет спектакль экранизациясы жүзеге асырылмақ! Еркебұлан Дайыров пен Асан Мәжіт негізін қалаған Шам театрының «№37» туындысы жуырда үлкен экранға жол тартады! Ендеше толықметр авторларынан фильм жайлы толығырақ бірге білейік.

 

2022 жылы «SHAM» театры алғаш рет шымылдығын түрген еді. Содан бері өнер ордасының «№37» қойылымына 100 мыңнан астам көрермен куә болды. Енді міне көп ұзамай аталмыш туындының кинонұсқасы көпшілікке ұсынылады.

 

Реквизиттен режиссерге дейін! Жандос Айбасов дебюттік жұмысын 2 жыл зерттеген, дәл осы спектакльде сахна сыртында қызмет еткен.

Жандос Айбасов, режиссер:

23 жасымда сериалдар түсірген болатынмын, клиптар түсірген болатынмын. Бірақ кейін бұл жұмыстың бәрін тоқтатып, маған тәжірибе жинау керек екендігін түсіндім. Сосын жай жүріп, осыдан араға 10 жыл салып, міне бірінші киномды түсірдім. Біз 4 айдай сценарий жаздық.

 

Фильмнің басты месседжі – барыңды бағала! Сюжет бойынша, 15 жыл бұрын метродағы жарылыста қаза тапты делінген Расул кенеттен үйіне оралады. Бірақ, бір өлімнен аман қалған басты кейіпкердің отбасы мен көрерменнің көкейінде сан түрлі сұрақ қалады.

Зарина Кармен, актриса:

Эмоционалды сахнада былай барлығына қарасаң барлығы жылап отырды. Өйткені мен ойлаймын егер группа шыныменде соған сеніп отырса, значит біздің бағытымыз дұрыс. Әлі сене алар емеспіз. Жүрегіміз дүрсілдеп, аузымыздан шығып. Білмеймін енді сөзім жоқ.


Спектакльдегі актерлық құрам фильмде толық сақталған. Оған қоса, қойылым режиссері Фархат Молдағали да процесстің басы қасында жүрген екен. Картина таспалауға Nomad Stunts каскадерлер тобы сынды тек кәсіби мамандар ғана атсалысқан. Тіпті көпшілік сахнаға 1000 нан астам тәжірибелі актерлер түскен.

Бұл толықметрдің басқа фильмдерден қандай айырмашылығы бар?

Асан Мәжіт, актер:

Бұл толыққанды драма біріншіден. Екіншіден, сапапы дүние. Үшіншіден бұл көптен бері жасалмаған дүние. Яғни спектакльдің экранизациясы.

Ал локациялар жағы қалай болды?

Жандос Айбасов, режиссер:

Бұл Алматы қаласы емес біздің кинода, бұл еш қала емес. Бұл бір нақты жылдың уақыты емес. Жалпы киноны қараған кезде, біз ешқандай қалаға байланған емеспіз. Сондықтан біз метроны салуға тура келді. Және вагондарды құрастырдық декорация қылдырып.